• Бизнес & Қоғам
  • 07 Шілде, 2022

Омикронның стелс түрі қылаң берді

Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген вирустық инфекция екі жылдан аса әлем тұрғындарын қорқыныш пен үрейге әкелгені белгілі. Осы індет атауы соңғы кезде саябырланып, тіршіліктің еркіндігін сезінген халық соңғы екі жылды артқа тастап, құрсаудан шыққандай қоңырқай күй кешіп жүргенде вирустық инфекция  қайта күш алды деген жағымсыз хабар лезде тарап кетті. Елдегі эпидемиологиялық ахуал әзірше тұрақты болғанымен, пандемияның алғашқы толқынындай қауіпті әрі таралу көрсеткіші жоғары болмаса да, ол түбегейлі жоғалмағандығын тағы бір еске түсіріп отырған жайы бар.

Өткен аптада ғана Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, былтырғы жылдың аяғынан бастау алған омикрон штамының қазіргі таңдағы стелс түрі біздің елде кең таралып келе жатқаның, ай сайынғы жүргізілген генетикалық зерттеудің нәтижесіне сәйкес, 80 пайызы аталған індет түрінің анықталғанын айтқан болатын. Сол-ақ, екен езуді жияр, жимастан корона жұқтырғандардың саны артып, халықты алаңдатып қойды. Соңғы мәліметке сәйкес, вирус жұқтырғандардың ең көбі Алматы қаласында тіркелсе, одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы тұр екен. Мамандар, ауруға шалдыққандар­дың түгелге жуығы вирусқа қарсы екпе алмағандар немесе қайта екпе сал­дырмағандар дейді. Үстіміздегі жылдың бесінші шілдесіндегі мәлімет бойынша ПТР-тестінің оң нәтижесін көрсеткендер арасында бір тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған екіжүзге жуық жағдай тіркелген. Үстіміздегі жылдың маусым айы басталғаннан бергі дәл бүгінгі күнге дейін елімізде коронавирус инфекция­сын жұқтырғандар саны бір жарым миллионға жеткен.

Ал оңтүстік мегаполисте өткен айдың соңында бір тәулікте сексеннен аса жағдай тіркелген көрнеді. Сонымен COVID-19 -дың тәуліктік өсімі 0,032% құраған. Мегаполистің 100 мың тұрғынына шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 16,63-ке дейін көтеріліп, репродуктивтік саны 1,78-ге жеткен. Бұл көрсеткіш бір науқастан екі адамға вирусты жұқтырып жатқанын айқындайды. Денсаулық сақтау министрлігі індеттің эпидемиологиялық жағ­дайын бағалау матрицасында Алматы қаласы әзірге жасыл аймақта екендігін жеткізді.

Өткен аптаның өзінде референс-зертханаға ПЦР-тестінің оң нәтижесі бар 74 сынама анықталып, соның 58 (78,4%) сынамасынан стелс-мутацияның, 16 сынамасынан (22%) омикрон-мутацияның ықтималдығы табылған.

Анықталғанындай өткен айдың көрсеткіші бойынша Алматы қала­сында бес жүзден аса індетке шалдық­қандардың 60 пайызы мүлдем вакцина алмағандар, 24 пайызы толық вакцина алғанымен 6 айдан кейінгі тиісті ревакцина салдырмағандары белгілі болды. Жалпы иммунитеті төмен вирусқа шалдыққандардың 84 пайызы жоғарыда айтып өткені­міздей вакциналанбаған немесе ревакциналанбаған науқастардың стелс-омикронына шалдығып жатқа­нының дәлелі екендігін көрсетіп тұрғандай, деп отыр эпидемиологтар

Қалай айтсақ та, вакцинаны толық алғандар да ковидке қайта шалдыға бастағаны байқалуда. Өткен жылы вакцинаның бірінші және екінші дозасын алғандар саны арасында жыл бойына 3306 адам COVID-19-ға қайта ауырса, биыл алты айдың ішінде 5294 адам қайта науқастанған. Аталған жайтты саралай келе бұл жағдай тек бір жылға ғана күші бар вакциналардың қауқары нашарлап, иммунитеті жоғала бастағанда стелс-омикрон әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға енетін қабілеті жоғары екендігін дәлелдеп тұрғандай ма, қалай?

Осы қарқынмен жалғаса берсе, Алматы қаласы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын баға­лау матрицасының сары аймағына (белгілі шектеулерді қолдануға мәж­бүрлейтін) көп ұзамай, 100 мың тұрғындық көрсеткіш 25,0-ге жеткенде өтуі әбден мүмкін екен. Аталған жағдайды алдын алу мақсатында қала тұрғындарын вакциналау мен ревакциналауды жалғастыру керек дейді мамандар.

Маусымның соңғы күні мегаполисте коронавирус инфекциясына қарсы бірінші дозамен 1,2 млн адам егіліп, 79 пайызы қамтылса, екінші дозамен 1,1 млн. астам адам егіліп 98 пайызды құраған.

«Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасымен 98 мыңнан астам адам, екінші дозасымен 91 мыңнан астам адам егіліп, 94 пайызды құрады.

Сондай-ақ тұрғындарға ревак­циналауды жүргізу жұмыстары жал­ғасуда.

Бүгінгі күні қалада 64 егу пункті жұмыс істеп, онда «QazVak» вакци­насының 124 453 және Vero Cell Синофарм 185 112 доза бар екендігі айтылуда. Ал комирнати вакцинасы­ның (Пфайзер) 6 123 дозасы болса, шамамен 10 000 дозасы қосымша жеткізіледі деп күтілуде. Сонымен қала халқын коронавирус инфекциясына қарсы екпе жүргізуге жеткілікті мөлшерде вакцинамен қамтамассыз етілген деуге болады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

2250 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы