- Цифрлы Қазақстан
- 07 Шілде, 2022
Сандық теңге сынақтан өткізілмек

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ұлттық банк цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы ұсынылатын шешімді әзірлеу үшін және кешенді зерттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық цифрлық валютаны ықтимал енгізуден түсетін пайда мен шығындарды айқындау мақсатында цифрлық теңгені енгізу жөнінде шешім қабылдау моделін әзірледі.
Былтыр Ұлттық банк қаржы нарығы қатысушыларымен, сарапшылар қауымдастығымен және халықаралық серіктестермен ынтымақтаса отырып, «Цифрлық теңге» қанатқақты жобасын жүзеге асырды. Биыл сандық платформаны енгізу бағытындағы зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, күні кеше Ұлттық банк пен Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы «Цифрлық теңгені енгізу бойынша шешім қабылдау моделі» баяндамасын жариялады. Осы реттегі зерттеу нәтижелерінің негізінде биыл жылдың соңына дейін елімізде Орталық банктің цифрлық валютасын енгізу туралы қорытынды шешім әзірленеді. Цифрлық теңгені іске қосу туралы шешім қабылдаудағы басымдық – төлем қызметтерін тұтынушылар үшін нәтиженің тиімді болуы. «Талдау құралдары ретінде технологиялық эксперименттер, экономикалық модельдеу, мүдделі тараптармен дизайн-сессиялар қарастырылған. 2022 жылдың 4-тоқсанында нарыққа қатысушылармен және тұтынушылармен цифрлық теңгенің технологиялық платформасын өтпелі тестілеу жоспарланған. Зерттеу нәтижелерін объективті түсіндіру мақсатында тәуелсіз халықаралық сарапшылар мен халықаралық қаржы ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Цифрлық теңге» жобасының консультативтік кеңесі құрылды», делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Қаржы нарығы қатысушыларымен цифрлық теңгенің экожүйесін құру да жобаны дамытудағы табыстылықтың маңызды факторы болып табылады. Осы мақсатта ұлттық цифрлық валютаны енгізу мәселелерін бірлесіп зерттеу үшін барлық мүдделі тараптарды біріктіретін Digital Tenge Hub коллаборативті алаңы іске қосылды. Оған нарық қатысушылары, инфрақұрылымдық ойыншылар, халықаралық серіктестер қатысады.
Цифрлық теңгені енгізу төлем мен қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады десек, офлайн төлеу мүмкіндігі арқылы бұл тиімділік тіпті жақсара түспек. Цифрлық теңге инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдар үшін смарт-контракт технологиясы негізінде инновациялық қызметтерді құруға мүмкіндік беретін қосымша құралға айналады. Цифрлық теңгені енгізу болашақта трансшекаралық төлемдердің де тиімділігін еселей түспек.
БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

7988 рет
көрсетілді3
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Felicity Buckland
15 Шілде, 2022Hi there, Guest Posts are one of the most powerful backlinks you can get for tengemonitor.kazgazeta.kz. Our list contains over 6,500 handpicked websites that accept guest posts, with each site's SEO metrics and contact details, allowing you to contact them all directly and save thousands on paying overpriced agency fees. You can also sell the list on for a profit! If you'd like more information, you can reply to this email or visit: https://bit.ly/3yUggdv Kind Regards, Felicity
Fallon Sisley
18 Қазан, 2022Hello, I saw that you are a financial advisor or work in the financial field. I've created a free checklist that will help you grow your LinkedIn network in an automated way. You can download this free checklist right now at https://bit.ly/3RPMBJb Let me know if there is anything else I can do for you.
Vincent Jessop
23 Желтоқсан, 2022Hi there, I am writing to let you know about an exciting opportunity for your business. We are offering to create a high-quality animated marketing video that can help increase sales and promote your brand. An animated marketing video can be a powerful tool to capture the attention of potential customers and drive them to take action. It can help to explain your product or service in a fun and engaging way, and can be shared across multiple platforms to reach a wide audience. If you are interested in taking advantage of this offer, please let me know and we can discuss the details further. Thank you for considering this opportunity. I look forward to hearing from you soon. https://bit.ly/animatedvideosforbusiness Best regards, Vincent