• Мәдениет & Спорт
  • 21 Шілде, 2022

Үздік жас күйшілер марапатталды

Алматыда «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөніндегі іс-шаралар» жобасы аясында республикалық «Күй құдіреті» байқауы аяқталды. Оны өткізудегі мақсат – күй арқылы жастардың бойында тарихына, тіліне, мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Республикалық «Күй құдіреті» байқауына Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының жас күйшілері қатысты. 16 және 29 жас аралығындағы қатысу­шылар сайыс барысында онлайн және оффлайн форматтарында өнер көрсетті. «Қазақ халқының музы­ка­лық мәдениеті өте бай. «Күй құдіреті» байқауы арқылы, күй арқылы біз жастарды тарихын, тілін, мәдениетін сүюге шақырамыз. Осылайша біз ұлттық өнерді дәріптеп қана қоймай, жастар арасында мемлекеттік тілдің қолда­ныс аясының кеңеюіне де өз септігімізді тигізе аламыз деп үміттенеміз», – дейді жоба үйлестірушісі Ақжамал Оразбаева.

Қазылар алқасының ше­шімімен бірінші орынды ал­матылық «Кәусар» жетіген­шілер ансамблі, екінші орынды Qaz.modern этно-фольклорлы ансамблі, үшінші орынды «Шалқыма» домбырашылар ансамблі иеленді. Жүлделі орын иегерлері дипломдармен, 300 мың, 200 мың және 100 мың теңгелік сыйақымен марапатталды.

НҰРЛАН ҚҰМАР

185 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы