• Ақпарат
  • 21 Шілде, 2022

Құлақ түре жүріңіз

Қазгидрометтің мәліметінше, осы аптада еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы қырық градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Осыған орай дәрігерлер күн астында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

СОВМИННІҢ жалпы практик дәрігері Арина Кирдяйкина әсіресе, қауіптілігі жоғары топтағы гипертониктердің, егде жастағылар мен балалардың ескеруі керектігін баса айтты.

Күннің ыстығынан ересек адамдардың қан қысымы көтеріліп, криздер, инсульт­тер жиелесе, ал балаларда бас айналу, лоқсу, құсу, тіпті талып қалу жағдайлары кездеседі. Сондықтан күн­нің көзі қатты көтерілген уа­қыт­та, күндізгі сағат 12-ден 17.00-ге дейін серуенге шықпаған жөн, бас киім киіңіздер, қолшатыр ұстаңыздар. Сонымен бірге, көбірек сұйық ішу керек. Суық су шөлді қандырмай­ды ангина туғызуы мүмкін. Дені сау адамдарда судың көлемі тәулігіне үш литр, сырқаттаушылар үшін екі литрден аспауы керек. Фи­зика­лық жүктемені шектеу қажет, деп отыр мамандар.

Бұдан өзге дәрігерлер COVID-19 тоқталып, қазіргі таңда елімізде екі мыңға жуық вирусқа шалдыққандар тіркелгендігін, коронаны жұқтыру санының артып келе жатқанын, сондықтан да сақ­тық шараларын қолдануды және вакцина мен ревакциналау мәселесін кейінге қалдырмау қажеттігін тағы бір еске салып өтті. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қыз­метінің мәліметінше, бүгінгі күні оңтүстік астана­дағы індеттің таралуы бойынша 580 симптомдық, 17 симптомсыз белгілері бар 587 жаңа жағдайы тіркелген. Қаладағы инфекциялық стационарларда ( 500 төсек-орын) 202 адам емделіп жатыр. 01.02.2021-19.07.2022 жыл аралығында екпенің II-компонентін 1 232 096 адам алған. 22.11.2021 жылдан бастап 19.07.2022 жылға дейін 515 040 қала тұр­ғыны ревакцинадан өткен. Медициналық ұйымдарда 85 екпе пункті, 99 вакциналау бригадасында 313 медицина қызметкері бар.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

3197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы