• Мәдениет & Спорт
  • 21 Шілде, 2022

Елімізде креативті индустрия қалай дамып отыр?

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қолдауымен «Қазақстанның креативті индустриясының болашағы: «Түсініксіз» болуды тоқтату және экспортқа шығу жолдары» тақырыбында іс-шара болып өтті.

Қазіргі күні креативті индустрия, экономиканың ең жедел дамып келе жат­қан секторларының бірі. Кейбір елдерде жалпы ішкі өнімнің 10 пайызы креативті кәсіпкерліктің үлесіне тиесілі екен. Ал, бұл сөзсіз, аталған саланың әлеуетін артырып отырғаның көрсетеді. Соңғы 10 жылда елімізде креативті индустрияның инвестиция көлемі 4 еседен аса ұлғайған. Мамандардың зерттеуінше, бүгінгі таңда осы саланың Қазақстан экономикасына қосқан үлесі 2,7 пайызды құрайтын көрнеді.

 «Егер жергілікті өнімді әлемдік деңгейге шығару жөніндегі құралдар әлдеқашан ойлап табылған болса және біз табысты елдердің тәжірибесін қабылдауымыз немесе ең болмағанда, өткен әдістер мен қателіктерге негізделуіміз қажет болса, онда шығар­ма­шылық ұжымдар мен шы­ғар­­машылық бастамаларды қолдауды ұйымдастыру қалай анықталатыны әзірге белгісіз», — дейді «Art of her» медиа – порталының бас редакторы Сабира Оспанова.

Аталған жобаны негізе алып, нарықтың тікелей қатысушыларымен диалог құруды қолға алған, «Art of her» медиа – порталы таяу­да «Onermen Kezdesy» ашық тақырыпта креа­тивті индустрияның танымал сарапшылары, өнер қайраткерлерімен бірлесіп өз тәжірибелерімен және стра­тегиялық жоспарларымен бөлісті.

«Қазақтуризм» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақа­сов шараның басты спикері ретін­де қатысып, «Еліміздегі туризмді дамытудағы өнердің рөліне», Ирина Харитонова мәдениет министрлігі жанындағы креативті индустрияларды дамыту жөнінде­гі кеңестің мүшесі, мәдени-креативті индустрияларды дамыту орталығының жетекшісі, «Қазақстанда креативті индустрияларды дамыту және 2023 жылға арналған жоспарлар. Креативті индустриялар өнімдерін экспорттау мүмкіндіктері» жөнінде және Slon Works, Elin.app, NFT ART Store қазақстандық NFT маркетплейстің негізін қалаушысы Евгений Хоботов, «Өнерді сату өнері» тақы­рыптарында сөз сөйледі.

Жалпы «ART OF HER» – 2021 жылы заманауи өнерді танымал ету, Қазақстан мен Орта Азия елдерінің қазіргі заманғы шығармашылық нарығына әсер ететін өзекті оқиғаларға өз тәжірибе­сі­мен, білімімен және дүние­танымымен бөлісуге дайын жас таланттар мен кәсіп­қойлар арасында диалог алаңын құру мақсатында құрылған креативті медиа-алаң.

Шараға қатысушылар арасында өнер қайраткер­лері, жас қылқалам шеберлері және баспасөз ақпарат құрал­дарының өкілдері аталған та­қы­рыпқа байланыс­ты өз ойларын айтты.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

546 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы