• Энергетика
  • 21 Шілде, 2022

Баламалы энергия – фермерлік шаруашылықтарға

Алматы облысында баламалы энергия көздерін пайдаланатын фермерлік шаруашылықтардың үздік кейстері талқыланды. Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану бойынша шаруа қожалықтарының тәжірибесі ұсынылды және «Шағын фермерлік шаруашылықтарға ЖЭК енгізудің тәжірибесі мен перспективалары» ғылыми-практикалық конференциясында осы бағыттың алдағы әлеуеті мен даму мәселелері қаралды.

Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» ҚҚ (ЖҚҚ) жүзеге асырған «Мың сөзден асатын әрекеттер» жобасы шеңберінде Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің 2021 шағын грант­тар бағдарламасының (ШГБ) қолдау­ымен қоғам, жергілікті атқа­рушы органдар мен донорлық ұйымдар өкілдерін, жабдықтарды жеткізушілер мен фермерлер арасында өткен конференцияда агросалаға ерекше мән берілді.

«Мың сөзден асатын әрекет­тер» жобасы климаттың өзге­руінің жаһандық проблемасын жергі­лікті деңгейде шешуге бағыт­талған және ЖЭК-ті ана тілінде және түсінікті тілде пайдалану­дың артықшылықтары туралы ақпараттың жетіспеушілігі мәселесін де шешеді. Қазақстанда осы артықшылықтар туралы айтылатын көптеген бағдарламалар бар, бірақ жаңартылатын ресурстарды пайдалануды іс жүзінде іске асыратын жобалар өте аз. «Мың сөзден асатын әрекеттер» жобасы шеңберінде ЖЭК-ті нақты жергілікті жағдайларда, оның ішінде нақты шаруашылықтарда іс жүзінде пайдаланудың тиімділігін негіздейтін мақсатты зерттеулер мен әзірлемелер жүргізіліп қана қоймай, нақты жұмыс істейтін объектілер де құрылды.

 «Біз көптеген жаһандық сын-қатерлерге тап болып отырмыз, олардың арасында климаттың өзгеруі де бар. Париж келісімінің барлық міндеттемелерін орындау бойынша Қазақстанның күш-жігерін қолдаймыз және осы жаһандық проблеманы шешу үшін үкіметтік және үкіметтік емес әріптестермен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. «Іс-әрекет мың сөзден артық» жобасы өткен жылы әріптестік үшін таңдаған жобалардың бірі болды, өйткені ол Қазақстанның ауылдық жерлерінде жаңартылатын және тұрақты энергия көздерін пайдалануды ілгерілетуге ықпал етеді және ЖЭК артықшылықтарының көрнекі мысалы болып табылады», – деді Қазақстандағы АҚШ Бас Консулдығының Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ананд Кришна.

Қатысуға 62 өтінім берілген жоба шеңберінде әлеуметтік желілерде ақпараттық арна құрылды, ал зерттеу нәтижелері бойынша ауданның энергетикалық әлеуеті туралы талдамалық есеп пен фермерлердің ЖЭК пайдаланудағы қажеттіліктер картасы әзірленді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында әр түрлі мамандықтар мен Алматы қаласының ЖОО студенттерінің қатысуымен жаңартылатын энергетика саласындағы техникалық шешімдерді әзірлеу бойынша хакатон өткізілді, олар фермерлердің қажеттіліктер картасынан тапсырмаларды шешті. Хакатон қатысу­шылары ЖЭК-ті шаруа қожалық­тарына енгізу бойынша 15 техника­лық шешім ұсынды.

26 фермер жобаның тәжірибелік зертханасының жұмысына қатысты, оған оқыту, эксперименттер, есептеулер және практикалық сабақтар кірді. Жобаның ғылыми сарапшысы ЖҚҚ-мен бірлесіп, оқыту тренингтері үшін жаңартылатын энергетика туралы, оның түрлері, көздері туралы, сондай-ақ оларды қолдану мен артықшылықтары туралы қарапайым түсініктерді қамтитын материалдар әзірледі.

«Біздің тренингтер барысында фермерлер ЖЭК саласында көптеген пайдалы ақпарат пен білім алды. Олар жасыл энергетика технологиясымен, оның: күн энергетикасы; гелиожылулық; жел энергетикасы; геотермалдық және гидроэнергетика сияқты түрле­рімен, ЖЭК жабдығымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасымен танысты және зерттеді. Оқыту тренингтері практикалық сабақтарды – техникалық және экономикалық есептерді қамтыды. ЖЭК-ті пайдаланудың одан арғы практикалық қадамдары үшін жақсы база болды», – деп атап өтті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, «Іс-әрекет мың сөзден артық» жобасының ғылыми сарапшысы Руслан Өтебаев.

ЖЭК орнатуға гранттар (қар­жылық қолдау) алған жобалар 2022 жылғы 18 наурызда өткен конкурстың қорытындыларымен анықталды, оған 7 фермер өз жұ­мыс­тарын конкурстық қорғауға ұсынды. Конкурстық комиссияның шешімі бойынша төрт жеңімпаз анықталды.

Жеңімпаздардың жобалары Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің ШГЖ 2021 көзделген гранттармен қолдау тапты және қазіргі уақытта жеңімпаздардың барлық фермерлік шаруашылықтарында баламалы энергия көздері енгізілді.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

545 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы