• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 21 Шілде, 2022

Тапсырманың әрбір тармағы маңызды

Үкімет отырысында мемлекет басшысының 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Ұлттық экономика вице-минис­трі Т.Жақсылықовтың айтуынша, инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған шаралар кешені іске асырылуда, ол 67 іс-шараны қамтиды. Жаңа салық-бюджет саясаты аясында бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың ре­и­нжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды. Қазір Бюджет кодексіне өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуін күшейту бойынша, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдердің қосымша түрлерін жергілікті деңгейге беру арқылы түзетулер әзірленген.

Қаржы министрі Е.Жамаубаев ведомствоның президенттің тапсырмаларын дереу орындауды қамтамасыз ету үшін салық-бюджет саясатын жетілдіру бағытында шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарын орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстары бар мердігерлерді ірік­теу мақсатында меншікті құрылыс техникасының болуы туралы міндетті талап белгілеу ұсынылады. Ол үшін мамандандырылған техниканың бірыңғай базасын құру жоспарланып отыр. Бұл олардың бар-жоғын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Мұндай шаралар құрылыс жұмыстарын орындау үшін өзінің базалық техникасы жоқ мердігер­лерді іріктеуден өткізбейді.

Сауда және интеграция ми­нистр­лігінің жұмысы бойынша мемлекет басшысы азық-түлік өнім­дерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, азық-түлік қауіпсіздігінің іс жүзін­дегі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. «Мемлекет басшысының ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қолданыстағы моделін қайта қарау бойынша ескертулерін ескере отырып, біз мүдделі инвесторларды тартумен көтерме сауда орталықтарын құрудың бірнеше балама сценарийле­рін қарастырып жатырмыз», – деді сау­да және интеграция министрі Б.Сұлтанов.

Нарық иелерінің жауапкершілігін күшейтуге қатысты, биыл мамыр айында 122 нарықты тексеру аяқталды. Нәтижесінде бірқатар жүйелі проблемалар анықталды. Бұл ретте олардың қызметін одан әрі жаңғырту жөніндегі заңнама нормалары әзірленді.

Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевтің айтуынша, президент тапсырмаларын орындау аясында импортты алмастыру мәселесі кешенді түрде шешілетін болады. Жалпы ағымдағы жылдың соңына дейін агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 295 млрд теңге сомасына 237 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде импортталатын позициялардың 6 түрі бойынша 128,5 млрд теңге сомасына 81 жоба іске асырылатын болады. Бұл үшін осы жобаларға жеңілдетілген кредит беру, субсидиялау, жер ресурстары мен инфрақұрылымды беру қамтамасыз етіледі.

Президент Энергетика министр­лігіне транзиттік көлік және шекара периметрі бойынша мұнай өнімдеріне сараланған баға әзірлеуді тапсырды. Энергетика министрі Б.Ақшолақовтың айтуынша, қазіргі уақытта ведомство дизель отынына сараланған баға белгілеудің бірнеше нұсқасын қарастырып жатыр. Отынның шығарылуына және тұтыну субъектісіне қарай саралау бойынша тәсілдер зерделенетін болады. Бұдан басқа, шекаралас аймақтарда орналасқан жанармай құю станциялары, сондай-ақ орташа өлшенген бағамен импорттық дизель отынын өткізу үшін саралан­ған баға белгілеудің нұсқалары қарастырылады.

Отырысты қорытындылай келе, премьер-министр мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жедел әрі нәтижелі орындау керек екенін атап өтті.

«Президенттің біздің жұмы­сымызға қатысты айтқан сыны өте маңызды екенін атап өткім келеді. Барлық мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен квазимемлекеттік сек­тор белсенділігін арттыруы қажет. Бірінші басшылар мемлекет басшы­сының тапсырмаларының әрбір тармағын жеке бақылауға алсын», – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол министрлер кабинеті мен облыстардың әкім­дерімен өзара тығыз байланыс орнатып, әрбір мәселені бірлесіп шешу маңызды екенін баса айтты. «Жалпы Үкімет жұмысының нәтижелі болуы әрқайсымыздың тиімді іс-қимылымызға байланыс­ты. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын сезінуі үшін жоспар­ланған жұмысты бірлесіп жүзеге асыруға күш салуымыз керек», – деп түйіндеді үкімет бсшысы.

371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы