• Бизнес & Қоғам
  • 21 Шілде, 2022

Киіктер популяциясы қалай реттеледі?

Елімізде киіктердің популяция­сын реттеу мәселесі ғылыми зерттеудің нәтижесінен кейін нақтыланады. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті.

«Президент сынынан кейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, қауымдастықтар және ғалымдармен тағы да жиналдық. Киіктер популяциясын реттеу және пайдалану мәселесі қайта тал­қыланды. Біз бұл бағытта­ғы жұмыстарды, ғылыми зерт­теу­лерді тереңірек жүргізу қажет деген қорытындыға келдік. Яғни киіктердің көші-қон жолдарын, тіршілік ету ортасын, жем-шөп базасын қарау керек», – деді С.Брекешев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр ақбөкендердің популяциясы үнемі өсіп отырмайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, белгілі шек бар, содан кейін киіктер жем-шөп үшін өзара бәсекеге түседі. «Ішкі бәсекелестіктің артуы жануардың өзін әл­сіретеді. Сондықтан осы мә­селенің барлығын тағы да қарастырып, дұрыс шешімге келеміз. Бірақ, егер тарихи тұрғыдан алсақ, Кеңес заманында киіктердің популяциясын реттеу тәжірибесі болды және олардың саны сақталды», – деді ол.

Сондай-ақ министр киіктер тағдырына қатысты шешім ғылыми зерттеу­лердің нәтижесінен кейін қабылданатынын айтып отыр. Айтуынша, ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін. «Зерттеудің алғашқы нәтижелері белгілі болғанға дейін киіктердің популяциясын реттеу немесе пайдалану туралы ше­шім қабылданбайды», – деп толық­тырды министр.

1977 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы