- Мәдениет & Спорт
- 28 Шілде, 2022
РАХМАН САРҚЫРАМАСЫ

«Рахман қайнары» курортының маңында, Арасан өзені аңғарының оңтүстік-шығысына қарай 1,8 шақырым жерде Рахман сарқырамасы орналасқан. Ел арасында сарқыраманы арудың сүмбіл шашына ұқсатқан көркем теңеулер де кездеседі. Биіктігі 30 метрге жететін Рахман сарқырамасы кішігірім биіктаулы мореналық көлден (теңіз деңгейінен 2 265 метр биікте) бастау алатын бұлақтан қалыптасып, Рахман көліне құяды. Мұнда туристерге түрлі бағдарлар ұсынылады. Соның бірінде қайықпен көлдің арғы бетіне жетіп, ағаш соқпақпен сарқырамаға қарай өтесіз. Одан әрі қарай 4 шақырымдық соқпақ ну орманның ортасынан сарқырамаға ауқымды көрініс ашылатын шолу алаңына апарады. Су гранитті және тақтатасты үш деңгейлі тік жартастардан жіңішке ағындар түзе төмен қарай құлайды.

111 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *