• Аймақ тынысы
  • 28 Шілде, 2022

Екі қолға бір күрек табылады

Түркістан облысында 2025 жылға дейін 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы түркістандықтармен кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Халықтың табысын арттыру мақсатында Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы жобасы бекітіліп, нәтижесінде 143 792 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстың экономикалық белсенді халық санына қарай 8 194 жаңа жұмыс орнын ашу жос­парлануда.

Биыл 444 салалық жобаны іске асыру аясында 33 819 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағыты аясында облыс бойынша 70 мың адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жос­парлануда. Биылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд теңгеге 2 765 грант беру көз­делуде. «Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды. Осы ретте бар күш-жігерімізді жұмылдырып, өз мінде­тімізді абыроймен атқа­рамыз деген сенімдемін. Бар­ша­ңызды Түркістанның қайта түлеп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Еңсеміз биік, Тәуел­сіздігіміз тұғырлы болсын», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 132,6 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері жалпы алаңы 296,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы сау­да көлемі 148,3 млрд теңгеге жетті. Қаңтар-маусым арасында тасылған жүк көлемі 47,2 млн тоннаға жеткен.

Облыс әкімінің есепті кез­десуінде 500-ден астам адам өздері және қала үшін маңызды мәселелерді талқылауға қатысты. Тағы үш мың адам желіге қосыл­ды. Мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

453 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы