• Өндіріс тынысы
  • 28 Шілде, 2022

Белгіленген шаралар қалай жүзеге асырылуда?

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ өткен аптада компания жеткізушілерінің бірі «ҚазАзот» АҚ өкілдеріне арналған этика және комплаенс қағидаттары жөнінде семинар өткізді.

Аталған шара кәсіпорынның қазақстандық бизнес-қоғамдастық арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалып­тастырып, парасаттылық мәдениетті ілгерілету шеңберінде жүргізілді.

АХҚО биржасында және Лондон қор биржасында бағалы қағаздарды бас­тапқы орналастыруды жүзеге асырған Қазатомөнеркәсіп жария компаниялар қызметінің халықара­лық стандарттарын сақтап, өз стратегиясын ұстанады. Корпоративтік басқару саласындағы үздік практикаларды енгізуге ұмтылып қан қоймай барлық мүдделі тараптарға ақпаратқа тең қолжетімділік береді. Бұл жұмысты жүзеге асыру кезінде сыртқы аудиториямен өзара іс-қимылдың маңызы ерекше. Оның ішінде  компанияның ірі өнім берушілерімен және мердігерлерімен жүйелі жұмыс жүргізіп, Қазатомөнеркәсіптің этикасы мен комплаенс қағидаттарына арналған семинарлар жиі жүргізіліп тұрады.

Семинар барысында мердігерлердің өкілдеріне жеткізушілер мен мердігерлердің этика кодексінің қағидаттары, контрагент­терді комплаенс-тексеру рәсімдері, Қазатом­өнеркәсіпте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қабылданған шаралар, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі және іскерлік мінез-құлық этикасы бөлігіндегі құндылықтар туралы ақпараттандырылды.

Жеткізушілер мен мердігерлердің әдеп кодексі Қазатомөнеркәсіп компаниялары тобында 2021 жылдың ортасынан бастап әлемдік практикаларды ұстану жөніндегі компанияның жалпы саясатының бір бөлігі ретінде және жария компанияның жұмысын жақсарту элементі ретінде сатып алу шарттарына ажырамас қосымша түрінде енгізілген.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

473 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы