- Білім & Ғылым
- 28 Шілде, 2022
GEM-SILKWAY жазғы мектебі ашылды

Сейсенбі күні Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде Италияның Бикокка университеті мен (Università degli Studi di Milano – Bicocca) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен Green Energy Management-SILKWAY халықаралық жазғы мектебінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
GEM-SILKWAY негізгі мақсаты жазғы мектеп қатысушыларына жасыл энергетиканы басқару саласындағы шетелдік және отандық профессорлар мен ғылым қайраткерлерінің озық тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі күні жасыл экономика проблемасы әлем бойынша технологиялардан геосаясатқа, экономика мен әлеуметтік ғылымдар саласына дейін өзекті мәселелердің бірі болып отырғаның ескеріп аталған шараны жүзеге асыруда.
Қазіргі таңда еліміз тұрақты энергетикаға көшу үстінде. Осы орайда соңғы жылдары ғаламды дүрліктірген COVID-19-дан кейін GEM (Green Energy Management) өзінің 12-ші мәртесінде елімізге келді. Қазақстан қарыштап дамыған ел ретінде батыс әлемі үшін ашық болуға және толық көлемде ынтымақтасуға ұмтылады. Бүгінгі күні GEM-ді SILKWAY басқарып, Еуропа мен Азия ғалымдарының қауымдастығынан құрылған.
GEM – SILKWAY бағдарламасы инновациялық технологиялар мен энергетика, халықтың коммуникациялық байланысын тарихи Жібек жолы еуразиялық экономикалық елдердің қарым-қатынасын жаңғырту аясында зерттеуде. Профессор Сильвана Стефани (Università degli Studi di Milano-Bicocca), «Энергетикалық бағыттың заманауи технологиялырын дамытуда, тарихи зерттемелерді жаңа бағытта заман талабына сай адамзат пайдасына шешілу керектігін. Соңғы жағдайда әлемдік ахуалдың тежелуі, халық арасындағы байланыстың экономикалық және инновациялық бірлігінің негізінде жүзеге асып жатқанын көрсетіп отыр», – деп атап өтті.
GEM-нің 11-ші рет өткен жазғы мектебінде дүниежүзінің студенттері (Шығыс және Батыс Еуропа, Африка, Азия, Оңтүстік Америка) өз тәжірибелерімен бөлісіп және өзара байланыс орнатып, жаңа жобалары ұсынған болатын. Аталған бағдарлама серіктестіктер арасында бизнеске қатысты бірлескен бастамаларды талқылап, академиялық топтар мен азаматтық қоғамдастық байланыс орнатып және сол арқылы қоғамның барлық деңгейінде зерттеу жүргізіп қана қоймай білімін шындауға әрі алған білімдерімен бөлісуге негізделген.
Иә,UIB қабырғасында өткен бұл шара маңызды энергетикалық тақырыптарды қамтып, жалпы кіріспе бағыттан кейін (әлемнің, Еуропаның, Орталық Азия мен Кавказдың энергетикалық сценарийлері, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық мәселелері) gem-silkway қатысушылары гуманитарлық ғылымдар (энергетика аясындағы әлеуметтік және адами проблемалар, жаңа экономикалық география, Орталық Еуразияға баса назар аударатын энергетикалық саясат) және техникалық (қоршаған ортаға зияны төмен энергия көздерін пайдалану, тұрақты ұтқырлық, энергетикалық қаржыландыру) сала бойынша екі бағыттағы оқытудың бірін таңдайды.
Бағдарламаның үйлестірушісі Милан-Бикокка университеті материалтану факультетінің профессоры Маурисио Аччарри. «Бұндай кездесулердің ең басты ерекшелігі, қатысушылар мен спикердің ой-толғаныстары, көзқарастары мен өткір пікірлері әлемдік дамудың жаңа бағыты коммуникациялық қарым-қатынастарды прагматикалық идеяларды іске асыра отырып, жаңа тәжірбиелермен әлемдік жасыл экономиканы тұрақты түрде дамытуға қолдау көрсететін ең үздік жобалардың бірі», – деді ол. GEM – SILKWAY-дің басты мақсаты шетелдік студенттерге жасыл энергияны басқару саласында техникалық ғылымдардан экономика, қаржы және гуманитарлық ғылымдарға дейін кең перспективасы бар бірінші деңгейлі дайындықты қамтамасыз етудегі аталған бағыттарды ұсынып отыр.
Кенжеғалы Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті бұдан өзге аухымды халықаралық дәрежедегі (Эразмус+PICASP DeSTT) республикалық және жоғары оқу орындары арасындағы жобаларды профессор-оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар бірлесіп іске асыруда.
Шұға АБУЕВА,
филология ғылымдарының
кандидаиты,
доцент,
Естай ЖҮНІСБЕКОВ,
саяси ғылымдар магистрі

2967 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022senior gay chat lines gay masturbation chat <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay geek chat </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022freee gay chat <a href=https://chatcongays.com>gay online webcam chat free</a> chat gay maduro