• Аймақ тынысы
  • 05 Тамыз, 2022

ЖАСЫБАЙ КӨЛІ

Жасыбай көлі Павлодар облысының оңтүстігіндегі Баянауыл ұлттық паркінің аумағында, Баянауыл мен Торайғыр кентінің арасында шамамен 230 шақырымдық қашықтықта, Ақбет пен Өгелен тауларының арасындағы терең алқапта орналасқан.
Көл бетінің ауданы 3,7 шаршы км., су жинау ауданы 31,2 шаршы км. Су жинау алаңының 90%-ын ағаштар мен өсімдіктер алады. Көл Тостаған су қоймасы ретінде қызмет етеді.
Алмұрт пішіндес көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде «Ғашықтар аралы» деп аталатын жартас орналасқан.
Негізінен тік, эрозиялық желімен бөлінген кранитоидтардан тұратын көл жағалауы тар (10-30м), құмды болып келеді. Солтүстік-шығыс жағалауы кей жерлерде жайпақ, биіктігі 2,4 м.,
су табаны тегіс бөлек бөліктерден тұрады.
Ең терең жері 14 метрге дейін жететін көлдің суы тұщы, онда аммиак іздері де табылған.

136 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы