• Бизнес & Қоғам
  • 05 Тамыз, 2022

Медициналық заманауи аппараттар орнатылды

Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторы берілді.Биылғы жылы«Samruk-Kazyna Trust» қоры өз демеушілігімен гипотермияның аппараттық кешендерімен бес нысанды жабдықтауды жоспарласа, Талдықорғандағы орталық соның алғашқысы болып отыр.

Мамандардың айтуынша, аппараттар Жетісу облысында жаңа туған сәбилердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға үлкен қолдау болмақ.Терапиялық гипотермияны нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында қолдан­ған тиімді. Бұл ми жасуша­ларының жұмысын қалпына келтіруге жағдай туғызады. Дәл темпе­ратуралық әсер қан ағынын түзетуге және нәрес­тенің бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүм­кіндік береді. Амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге ем барысын­ қадағалап отыруға және тиімді түзетуге көмектеседі.

Орталық жыл сайын Талды­қорған өңіріндегі аудан, қала­лардан шамамен 6 мыңдай жүкті әйелді қабылдайды. Бар­лық күрделі жағдайларда сырқаттар осы мекемеге жібе­ріледі.

2017 жылы «AYALA» қоры Қазақстанда алғаш рет автоматты гипотермияны сынақтан өткізді. Талдықорғанның перинаталдық орталығында «Басқарылатын гипотермия» жобасы шеңберінде қор берген тоғызыншы аппа­раттық кешен орнатылып отыр. 5 жыл ішінде гипотермия қон­дырғылары елімізде 210-нан астам баланың жанын сақтап қалған.

НҰРЛАН ҚҰМАР

1660 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы