- Аймақ тынысы
- 05 Тамыз, 2022
Кентауда кірпіш зауыты ашылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласына кезекті жұмыс сапарында жаңадан іске қосылған кірпіш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс ошағы қаладағы арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Маңызды жобаны «Almaty NS Group» ЖШС жүзеге асырып отыр.
Зауыт айына 3 млн. дана керамикалық кірпіш шығарады. Кәсіпорынды салып, қажетті қондырғылармен қамтуға 1 млрд. 720 млн. теңге инвестиция құйылған. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін жылына 45 млн. дана кірпіш шығару көзделіп отыр. Кәсіпорынның құрылысы 2021 жылы басталған. Бүгінде құрылысқа қажет материалдармен қамтылып, өндіріске керек пеш пен қондырғылары орнатылған. Қазір кірпіштің алғашқы легі шығарыла бастады. Жалпы зауыттың жылдық қуаттылығы – 45 миллион дана. Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауытта 50 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
Одан кейін өңір басшысы С.Қожанов атындағы саябақта Кентау тұрғындарымен кездесіп, сұрақтары мен өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Биылғы жылдың көктемінде кездесуде көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапқанын мәлімдеді.
«Биыл көктем мезгілінде Кентауға келіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқылаған болатынбыз. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 26 мәселе көтерілді. Оның 15-і өз шешімін тапты, қалған 11-і шешілу үстінде. Әрбір өтініш заң шеңберінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданып жатыр», – деген Өмірзақ Шөкеев сол кездесуден кейін қолға алынған бірнеше маңызды бастамаға тоқталды.
АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

319 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *