- Еңбекті қорғау
- 05 Тамыз, 2022
Балалар арасында аутизм дерті кең тарап барады

Елімізде жыл сайын Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні атап өтіледі. 2003 жылы елімізде аутизм спектрі бұзылған (АСБ) 77 бала тіркелсе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 9 мыңға жетті. Сондай-ақ бұл статистика қазір азаматтардың аутизм туралы көбірек ақпарат білетінін, диагностика мен тіркеу жүргізіліп, соған сәйкес көмек ұйымдастырылып, белгілі бір инфрақұрылым жасалып жатқанын көрсетеді.
Егер балалардағы бұзылыстардың басқа түрлері үшін инфрақұрылым, әдістемелер, стандарттар, бағдарламалар, мамандар мен арнайы ұйымдар бұрыннан болса, аутизммен ауыратын балалармен жұмыс істеуде жағдай басқаша екенін атап өткен жөн. Үкіметтік емес ұйымдар ерекше балаларға жағдай жасау үшін тығыз жұмыс жасап келеді. Мәселен, «Асыл Мирас», «Дара», «Болашақ» қорлары, «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығы және басқа да ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстары бір төбе. Олар инклюзивті қолдау кабинеттерін, балаларға арналған ресурстық орталықтарды ашып, педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, сондай-ақ университеттермен ынтымақтастық орнатып, заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасап келеді.
Биыл «Болашақ» қоры аутизмі бар балалар үшін «Ерекше балалар» атты жаңа кітаптың тұсаукесерін өткізді. Өкінішке орай, Қазақстанда көптеген салаларда қазақ тіліндегі сапалы кітап пен контенттің жетіспеушілігі байқалады. Бұл мәселе инклюзивті білім беру саласында да бар. 2015 жылдан бастап «Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді дамыту бойынша «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасын жүзеге асырып келеді. Оның аясында Қор бүкіл Қазақстан бойынша балабақшалар мен мектептерде 46 инклюзияны қолдау кабинетін ашты, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктер бар 600-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды. Сөйлемеген балалардың 90 пайызы сөйлеуді үйренді, 21 бала өз бетінше оқуға шықты, ал 50 бала әртүрлі жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері болды. Ерекше балалар ата-аналарының жобаға деген сенімі артып келеді. Бала мектепке барсын деп адамдар аудандардан орталықтарға, бір қаладан екінші қалаға, тіпті басқа елдерден көшіп келіп жатады.
Жобадағы балалардың шамамен 35 пайызы қазақ тілінде оқиды. Жыл сайын қазақ тілді білікті педагогикалық кадрларға деген қажеттілік артып келеді. Алайда Қазақстанда аутизм бар балаларды оқытуға арналған қазақ тілінде бірде-бір кітап, бірде-бір әдістемелік құрал болған жоқ. Сондықтан қор «Особые дети» кітабын қазақ тіліне аударып, басып шығарды. Кезінде бұл кітап мінез-құлықты қолданбалы талдаудың негізгі қағидаларын егжей-тегжейлі баяндайтын орыс тіліндегі алғашқы оқу құралы болды.
Жалпы аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.
Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса, нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысының белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адмның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен арласып, байланысқа түседі.
Аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілінің көмегі ауадай қажет, мұндай баланың қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренуіне мүмкіндігі бар.
Бүлдіршіннің ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Аталмыш гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін жақсартады.
САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

295 рет
көрсетілді2
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Deeynptet
15 Қыркүйек, 2022chat muscle gay gay+chat <a href="https://free-gay-sex-chat.com/">gay chat ca, </a>
Gennieptet
16 Қыркүйек, 2022atlanta gay phone chat <a href=https://chatcongays.com>gay chat tucson</a> best gay chat rooms