• Ақпарат
  • 05 Тамыз, 2022

Ежелгі аурудың қазіргі жағдайы қандай?

Бүгінгі таңда эпилепсиямен ауыратын науқастардың 70-80%-ы дәрі-дәрмекке жүгініп, белгіленген препараттар аурудың көріністерін едәуір жеңілдетіп, ұстамалардың жиілігі мен күшін азайтуға мүмкіндік беруде. Эпилепсияны емдеу ұзақ уақытқа созылатындықтан, науқастар арнайы эпилептологтың немесе невропатологтың бақылауында болады. Қазіргі күні елімізде сексен мыңға тарта адамға аталған диагноз қойылған, оның жиырма сегіз мыңы балалар мен жасөспірімдерді құрап отыр.

Жақында СОВМИН-нің мә­жіліс залында еліміздің жетекші эпилептологтарының бірлескен  «Фармакорезистік эпилепсия» та­қырыбында дөңгелек үстел өткі­зілді. Ондағы басты мәселе аталған ауруға байланысты отаға дейінгі диагностиканың принциптері мен вагусты емдеу әдісі турасында жетекші нейрохирургтар  бұрыннан бар ескі аурулардың бірі эпилепсияны емдеу тәсілдері хақында сөз қозғады. 400-ші жылы Гиппократ өзінің алғашқы трактатын эпилепсияға арнап, онда ол аурудың тұқым қуалайтынын және ұстаманы мидың консистенциясын өзгертетін күн, жел және суық әсерінен қоздыруы мүмкін екенін дәлелдеген. Х-шы ғасырдағы эпилепсияның клиникалық көрінісін алғаш рет Авиценна сипаттаған екен. Ол да осындай жағдайды бастан кешірген көрнеді. Бұл расында да ежелден бергі келе жатқан ауру екендігін атап өтті Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев. Бүгінгі күні әлем бойынша 50 миллион адам аталған ауруға шалдықса, елімізде олардың саны ресми түрде тіркелгені 76 мың деп көрсетілген. Бірақ бұл  нақты көрсеткіш емес. Қаншама тіркеуге тұрмаған немесе дәрігерге жүгінбеген науқастар жетіп артылады. Ал осы  аурудың себеп-салдары қандай? Мамандар бұл генетикалық фактордан, туу кезіндегі алған жараттан, бас-ми жарақатынан, интоксикация мен  зат алмасудың бұзылуынан нәтижесін­де  осы ауруға әкеледі. Қазіргі күні науқастың 60%-ы дәрі-дәрмекке жүгінсе, ол дәрілерді реттеу үшін үнемі дәрігердің бақылауында болу қажет.  Кейде қолданып отырған дәрі-дәрмегі көмектеспей жатады немесе жанама әсер тудырады дейді.

Шара барысында елімізде заманауи отаны 2018 жылдан бері Прези­дент әкімшілігінің БМК жүр­гізіп келе жатқандығын, Алматыда мұндай ота әзірге ересектер­ге жасал­мағандығын, тек балаларға ғана жасалғандығын айтылды. Бүгінгі  ас­та­налық дәрігерлермен басқосып, тәжірибе алмасудағы негізгі мақсат –келешекте  осы базада ересектерге ота жасауды жоспарлап отырғанды­ғын жеткізді алматылық мамандар. Науқастың ұстамасы кенеттен пайда болған жағдайда қандай сақтық шаралары қолдану керек? – деген сұраққа, мамандар:

«Қандай жағдайда болмасын қор­қуға немесе адамды мұндай жағдайда жалғыз қалдыруға болмайды. Оны қауіпті жерлерден, әсіресе жол мен суы бар жерден алып шығу қажет. Конвульсиялар кезінде жарақатқа әкелуі мүмкін барлық заттарды алып тастаңыз.

Науқасты әртүрлі заттың көмегі­мен ауруын тоқтатуға болмайды, бұл пациентке көп зиян келтіруі мүмкін.

Науқас сілмейіне тұншығып қалмас үшін оң жағына қаратқан дұрыс. Егер талмасы бір минуттан астам уақытқа созылса, жедел жәрдем шақыру керектігін айтты.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

3527 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы