• Бәрекелді!
  • 05 Тамыз, 2022

Қазіргі уақыт бар салада бәсекеге қабілеттілікті талап етеді

«Теңізшевройл» – бүгінгі экономиканың қозғалтқышы саналатын мұнай-газ және онымен байланысты өнімдерді өндіретін еліміздегі жетекші компания. Ол әр қызметкердің өз артықшылығын ескеріп, әлеуетін жүзеге асырудағы құндылықтар мен ашық корпоративтік орта құру принципін ұстанып келеді. Компанияға жұмысқа орналасу үшін ниет білдірушілер саны жыл сайын артпаса, кеміген емес. Осы ретте ТШО-ның адам ресурстарын басқару жөніндегі бас менеджері Кәмшат Байжанова өз ойын былайша білдіреді.

Бас менеджер адамдарды жұ­мысқа қабылдаудың қыр-сырын және корпоративтік мәдениеттің қаншалықты маңызды екенін, ТШО-ның ішкі саясаты мен бар­лық процедуралары гендерлік немесе этникалық тегіне, жасына, біліміне, дініне және мәдениетіне қарамастан барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктер қарастырғалдығын, соның ішінде  корпоративтік мә­дениеттегі кез-келген өзгерістерді бастайтын басшылар да маңызды рөл атқаратындығын, көшбасшы ретінде бәрін өздері тексеріп, содан кейін өз топтарына осы өзгеріс­терді қабылдауға көмектеседі. Әр қызметкердің өз артықшылығын түсініп, әлеуетін жүзеге асыру үшін басшылардың ашық, қол жетімді және орта мәдениетін дамытуы ерекше рөл атқаратындығына тоқталды.

«Компаниямыз қызметкердің дамуына қажет барлық жағдайды жасаған. Кез-келген идея, иннова­циялық ұсыныс та назардан тыс қалмайды және де идея иелері баға­ланады. Бізде арнайы платформа да бар, онда кез-келген қызметкер өз идеясын ұсына алады. Идея міндетті түрде тексеріліп, талдаудан өтеді, ал идея пайдалы болса, сөзсіз жүзеге асырылады. Компанияда белгілі бір мәдениетті құруға әсер ететін көптеген факторлар кездеседі. Мұнда ең бастысы ұсынылған идеяның нәтижесін тағатсыздана күтудің қажеті жоқ. Өйткені стратегияны жазу немесе қарым-қатынас жасау бар да, оның іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көру мүлдем басқа нәрсе. Қажетті мінез-құлықтың қызметкерлер арасына қалай сіңгенін және ТШО мәдениетінің қалай көркейгенін бақылау қашан да ұнамды іс», – дейді К.Байжанова.

ТШО-ға қызметкерлерді қабылдау процесі стратегиялық жоспарлаудан басталып, компанияның бұдан әрі дамуына қажетті тұстарды, орта және ұзақ мерзімді кезеңде болашақ қызметкерлер арасында қандай дағдылар мен құзыреттерді дамыту немесе іздеу керектігін жүйелі түрде талданады екен. Қызметкерлерді іздеу процесі автоматтандырылған және ашық түрде жүргізіледі. Барлық жұмыс іздеушілерге бірдей қол жетімді болу үшін компанияның веб-сайтына сілтемелер мен нұсқаулар орналастырылған. Керекті кадрды іздеп болған соң, бірнеше қадамнан тұратын іріктеу процесі басталады. Үміткерлерді бағалауда міндетті түрде ашықтық пен бейтараптылықты қамтамасыз ететін тәуелсіз өкіл тартылады. Кейбір жағдайларда, әсіресе жаппай жұмысқа қабылдау кезінде қосымша іріктеу кезеңі тестілеу ретінде қолданылады. Олар тек техникалық құзыретті ғана емес, көшбасшылық және мінез-құлық қасиеттерін де бағалайтын interview profile form түрінде іріктеу процесі­не енгізілген. Жұмысқа қабылдау кезінде тәжірибелі мамандар ғана емес, жоғары оқу орындарының талантты түлектеріне де қызығушылық танытып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұдайы ұйымдастырып тұрады . Іріктеу процесі үшінші тарап мамандарының қатысуымен және басқа да көп сатылы қадамдарды қоса алғанда, «қоңырау арқылы» қабылдауға жол бермейтіндей етіп жасалынған. ТШО еліміздің экономикасына, адами капиталға және ұлттық кадрларды дамытуға аса маңызды рөл атқарып отыр.

Компания оқытуға, тәлімгерлік бағдарлама мен халықаралық та­ғайын­дауларға біраз қаражат бөледі. Шындығында, теңіз кен орнын игеру мен пайдаланудың ауқымы мен күрделілігінің өзі оқу мен даму үшін тамаша жағдай жасалған. Мәселен, ең озық технологияларды, жабдықтарды және процестерді пайдаланатын Келешек кеңею жобасын алайық –мыңдаған қазақстандықтар әлемдегі ең ірі мұнай-газ жобаларының бірінде бірегей практикалық тәжірибе алады. Қазақстандық мамандар даярлануда, жоба аяқталғаннан кейін олар әлемдік мұнай-газ нарығында осындай ауқымдағы жобаларда бәсекеге қабілеттіліктерін танытады. Бүгінде ТШО-ның 94%-ға жуығы жергілікті қызметкерлер. Ал, бізден білім алып, тәжірибе жинақтаған мамандар кейін, басқа жерде де жұмыс мүддесі үшін сондай талап қоя біледі. Менің ойымша, ТШО-ның қызметкерлерді дамыту, оларды басқару жағынан болсын, тіпті барлық аспектілер бойынша ықпалы орасан зор екендігін айтуымыз керек. Тағы бір тиімді мысал, жаңа қызметкерлердің техникалық құзыреттерін дамытуды жеделдететін, оларды әлемдік стандартқа сәйкес «Horizons» бағдарламасы. Сонымен қатар әлеуеті жоғары қызметкерлер халықаралық тәжірибе жинақтау үшін Шеврон корпорациясының дүние жүзінің түрлі елдеріндегі бө­лімшелеріне уақытша халықаралық қызметке жібереді. Бұл тәжірибе мансаптық өсу және әлемдік мұнай-газ нарығында жұмыс істеуге ар­налған. Біліктілігін артырып, тә­жірибе жинақтаған қызметкерлер шетелдік мамандарды алмастырып, анағұрлым жауапты лауазымдарға көтерілуіне мүмкіндіктер бар деп отыр сала маманы.

Компанияның сарапшылары елі­міздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттеріне түрлі бағыттар бойынша дәрістер оқып, әлемнің озық тәжірибелермен бөліседі. Олар халықаралық компанияда табысты жұмысқа қол жеткізуде қандай кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болу керектігін түсіндіреді. Жалпы қызметкерлерді дамыту жүйесі талап етілетін функцияларды қауіпсіз және дәлдікпен орындайтын, қиын кезеңде нақты шешім қабылдай алатын бәсекеге қабілетті қазақстандық кадрларды дайындауға бағытталған.

Таяуда ғана Атырау облысына жұмыс сапарымен барған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова облыс әкімдігі, «Теңізшевройл» ЖШС және мердігер ұйымдар өкілдерімен кеңес өткізгені белгілі. Болашақ кеңею жобасы – Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасындағы аталған мәселеге байланысты министрлік, облыс әкімдігі және ТШО жоспарлы жұмыстан босату мониторингі және жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамту бойынша өзара іс-қимылдың нақты алгоритмін қарастыратын Жол картасына қол қойды.
Жоба халықаралық компаниялармен әріптестік орнату арқылы технология трансфертіне және аймақтағы инфрақұрылымды жаңғыртуға ықпал ететін, Жол картасында көзделген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, ТШО тоқсан сайын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және облыс әкімдігіне, сонымен қатар Электрондық еңбек биржасына мердігер және қосалқы мердігер ұйымдары қызметкерлерінің кәсіптер контексінде болжамды жұмыстан босатылуы туралы ақпаратты ұсынатын болды. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар қысқа мерзімді оқуға жіберу, субсидияланатын жұмыс орындарына және республикалық жобалар аясында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналастыру, гранттар мен микрокредиттер беру, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенділікпен жүргізілетіндігі міндеттелген.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

340 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы