• Мәдениет & Спорт
  • 11 Тамыз, 2022

37 ЖАУЫНГЕР ҚОРҒАНЫ

«37 жауынгер қорғаны» діни-ғұрыптық кешені Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай ауылдық округінің аумағында, Көрпетай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 км жерде (бұрынғы атауы Чапаево) Нұртайөзек өзенінің оң жағалауындағы аласа жазық жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындар арасында ескерткіш «Көрпетай қорғаны» деп аталып кеткен. Қарағанды облысының ескерткіштер жинағының материалдарында ол «Көрпетай жерлеу-еске алу кешені» ретінде тіркелген.
Ондағы тас жоталардың басында және соңында шағын құрылымдар бар. 
Жоталардың бойында тігінен орнатылған тақталар бекітілген. Кешеннің қарастырылған орталық бөлігінің солтүстігінде 37 қорған тәрізді үйінділер тізбегі орналасқан. Олардың әрқайсысы арка тәрізді және меңгірлермен бірге жеке кешен құрайды. Нысандар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып, тегіс, сәл иілген доға тәрізді сызық жасайды.

142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы