- Цифрлы Қазақстан
- 11 Тамыз, 2022
Ел игілігіне арналған бастамалар

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) жылдам қызметтер аймағы ашылды.
Енді қызмет алушылар операторларға жүгінбей-ақ, жылдам қызметтер аймағына талон алып, 5 минутта жұмысын бітіре алады. Жылдам қызметтер аймағында қызмет алушылар үшін бөлек электрондық кезек қарастырылған. Қызмет алушы қызмет көрсету залындағы операторларға жүгінбей-ақ, бірден жылдамдық аймағынан қызмет ала алады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызмет көрсетудегі факторларының бірі – халыққа сапалы әрі жылдам қызмет көрсету. Осы орайда филиалдың 8 аудандағы фронт-офистерінде жылдамдық аймағы жұмыс істей бастады. Жылдамдық аймағының жұмыс мәні – қызмет алушы залдағы операторларға өтіп, 20-25 минут күтіп отырмайды. Ресепшнге жақын орналасқан жылдамдық аймағына өтіп, 5 минутта жұмысын бітіре алады. Қала бойынша жылдамдық аймағы үшін 54 жұмыс орны қарастырылды. Мұнда азаматтарға 5 минут ішінде жылдам қызметтер көрсетіледі», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов. Жылдам қызметтер аймағында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру, Қазақстан халқының тұрғылықты жері бойынша тіркеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, салық төлеушілерді тіркеу, жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру, ЭСҚ алу, мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру секілді қызметтер көрсетіледі.
САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

15542 рет
көрсетілді0
пікір