• Білім & Ғылым
  • 11 Тамыз, 2022

Отбасылық құндылықтар – тәрбие негізі

Елімізде жас отбасыларға арналған психологиялық тренингтер өткізіледі. Білікті психологтар мен медиаторлардың қатысуымен өтетін оқыту Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің мамандары мен судьялары үшін ұйымдастырылды.

Күз мезгілінің алғашқы айында қазақстандық жоғары оқу орындарының 5 мың жоғары курс оқушыларына арналған тренингтер өтеді.

 «Жоба отбасымен жұмыс іс­тейтін мамандарды өзара іс-қи­мыл алгоритмі және отбасылық қатынастардағы қақтығыстарды шешудің сындарлы тәсілі ретінде дайындауды көздейді. Оқыту барысында біздің мамандар жанжалдар жиі орын алатын отбасылармен қалай жұмыс істеу керектігін, отбасылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатын даулы мәселені шешу үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Біз қақтығыс туындаған жағ­дайда оны реттеудің жолдарын түсіндіреміз. Оқыту тәжірибелі мамандар үшін де, отбасын құруды жоспарлап жатқан немесе отау құрған жоғары курс студенттері үшін де қызықты және пайдалы болады деп үміт­тенеміз», – дейді психолог әрі жоба үйлестірушісі Варвара Марховец.

Психологтың пікірінше, отбасының бұзылуына көбіне отбасылық құндылықтардың сәйкес келмеуі себеп болады.

 «Некенің бұзылуына әкеп соқтыратын себеп көп. Олар­дың бірі – отбасы­лық құндылық­тардағы сәйкессіздіктер. Мы­салы, жұбайлардың бірі көп­балалы отбасы құруды арман­даса, екіншісі білім алуды мақсат етеді. Өзара түсіністіктің болмауы отбасындағы жанжал­дарға әкеледі», – деп атап өтті Варвара Марховец.

 АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2706 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы