• Бизнес & Қоғам
  • 11 Тамыз, 2022

Нан тапшылығы қаупі бар ма?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ЖАППАЙ АШТЫҚ ТУРАЛЫ  ЕСКЕРТЕДІ

20 шілдеде БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бизли әлем жаппай ашарлыққа душар болу қатері бар деп мәлімдеді. Халықаралық ұйым мәліметтері бойынша дәл қазір аштықтан зардап шеккендер саны 702 милионнан 828 миллионға дейінгі аралықта адамдарды құрап отыр. Бұл, өткен жылға қарағанда, 46 миллионға артық, сосын пандемия басталғаннан бергі уақыттағыдан 150 миллион адамға артық екен.

Сарапшылар азық-түлік дағ­дарысы себептерінің бірі ретінде Украина мен Ресейден бидай мен тыңайт­қыштар жеткізудегі қиын­шылықтарды атайды. Бидай­дың әлемдік экспортының 30 пайызға жуығы осы елдердің еншісінде. Егер бұрынырақ Украина шет елдерге ай сайын 4-5 миллион тонна астық жеткізетін болса, ал қазір оның елден тысқары жеткізіп беруі 1 миллион тоннаға дейін азайған.

Қазақстан Украина мен Ресей астық жеткізіп беруінен зиян шеккен елдерді бидаймен қамтамасыз ете ала ма?

АСТЫҚ ӨНІМІ ЖАҚСЫ

Биыл Қазақстанда астық өнімі орташа жылдық ауқымдар деңгейінде болады деп болжанып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауынша, біз 13,5 миллион тонна бидай жинай аламыз. Бұл, елімізде қатты құрғақшылық болған былтырғы көрсеткіштерден 15-20 пайызға артық.

Мұндай болжамдармен Қазақ­стан астық өндірушілер одағы да келіседі. Оның мәліметтері бойынша барлық дәнді дақылдар өнімі қайта өңделгеннен кейін шамамен 17 миллион тоннаны құрайды екен. Соның ішінде бидай – жоғарыда айтқандай 13 миллион болмақ.

Одақтың есептемелеріне сәйкес, ішкі қолданыс үшін Қазақстанға шамамен 7 миллион тонна бидай қажет. Қалған 10 миллион тонна экспортқа кетуі тиіс. Біздің өні­міміздің басты сатып алушылары – Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан. Біз сондай-ақ бидайымызды Әзірбайжан, Иран, Ауғанстан, Италия мен Түркияға да экспорттаймыз.

ҚАЗАҚСТАНДЫ НЕГЕ СОЛТҮСТІК АФРИКА МЕН ТАЯУ ШЫҒЫС НАРЫҒЫ ҚЫЗЫҚТЫРМАЙДЫ?

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO)трейдері және ұлттық кеңесшісі Саян Шортан атап көрсеткендей, Қазақстан Украина және Ресеймен бір нарықта сауда жасамайды. Мәскеу мен Киев астықты негізінен Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне сатады. Қазақстанға логистика қиындықтарына орай өз өнімдерін ол жаққа жеткізу тиімсіз. «Біз егер бидайға бағалар көлікпен тасымалдауға барлық шығындарды жаба алған жағдайда ғана ресейлік және украиналық өнімдерді алмастыра аламыз. Бұрындары біз солай жасадық та. Ол жаққа жаппай емес, аздаған көлемде жөнелткен болатынбыз», – дейді Саят Шортан.

Ол сондай-ақ санкциялардың азық-түлік жеткізіп беруге еш қатысы болмағанын атап көрсетеді, сондықтан Ресей бүкіл осы уақыт бойына өз астығын сатуын одан әрі жалғастырып келді. Мәскеу әлі күнге дейін, астығын тиеп-жөнелту өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеп кеткеніне қара­мастан, бірінші орында тұр.

Оның үстіне 22 шілдеде Ресей, Украина және Түркия үшеуі қаратеңіздік айлақтан украина астығын тасып жеткізу туралы келісімге қол қойды. Егер бұл келісім жұмыс істейтін болса, жағдай жақсарады да, Украина астықтарының экспортын арттыра алады. Қазір Киев мұны құрлықтағы жолдармен және Дунай өзені арқылы жасауда.

БАҒАНЫҢ ХАЛІ НЕШІК?

Бидайдың құны артуын таяу уақытта күтіп қажеті жоқ, деп есеп­тейді Қазақстан астық одағының ресми өкілі Евгений Карабанов. Оның пікірінше, бағалар, керісінше, төмендейтін болады. «Наурызда Ресей Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 30 маусымға дейін экспорттауға тыйым салды. Ол кезде нарықтағы ұсыныстар да азайып кетті, сондықтан да бидайға бағалар бізде тоннасына 180 теңгеге дейін күрт артып кетті. Енді олар біртіндеп төмендеп жатыр», – деп түсіндіреді Евгений Карабанов.

Бағалардың төмендеуіне, Карабанов атап көрсеткендей, екі фактор әсер етеді: жаңа өнімді жинап алудың басталуы мен Ресейден арзан бидайды жеткізудің қайта қалпына келуі. Көршілерімізде биыл бүкіл тарихындағы бидайдың рекордтық өнімі – 90 миллион тонна астық орып алу күтілуде. Сөйтіп, Ресей барлығы 130 миллион тоннадан астам астық алуға үміттеніп отыр.

Тиісінше, нарық ұсыныстарға шектен толып кетпек, бұл бағаларға күшті ықпал ететін болады. Ресейден 1 шілдеден бастап импорттау ашылысымен қазақстандық бидайдың бір тоннасы қазірдің өзінде 150 мың теңгеге дейін құлады, енді тіпті 115-120 мың теңгеге шекті құлдырауы да мүмкін.

Бақытымызға қарай, Қазақ­станда диқандарымыз биыл жақсы өнім жинап алмақшы, сөйтіп, ресейлік бидай импортына тәуелді болмаймыз, бірақ олармен қатаң бәсекелестік орын алады, деп айтты сарапшы.

БИДАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

Бидайға бағалардың төмендей­тінін FAO да болжап отыр. Бұл ұйым­ның мәліметтері бойынша маусым айында бидайға әлемдік бағалар 5,7%-ға төмендеп кеткен, әйтсе де бұл өткен жылғы көрсеткіштен 48,5 пайызға артық.

FAOақпаратына сәйкес, Еуро­палық одақта, Аргентина мен Иракта бидай өндірісі төмендеген, өйткені онда құрғақ ауа райы сақталуда, бірақ та бұл кемшілік Канада, Австралия мен Ресейде егістік алқаптарының артуымен пайдасы еселеп қайтарылып отыр.

Бұл ретте әлемде бидайды тұты­нудың төмендегенін де айта кеткен орынды. Қытай мен Еуроодақ мал азығы үшін пайдаланылатын бидайды азырақ сатып алуда. Енді олар мұны басқа да жем-шөптік дақылдар түрімен алмастыруда, бірінші кезекте – жүгерімен. Ал Үндістанда бидайды өнеркәсіптік мақсатта тұтынудың қысқаруы салдарынан сұраныс төмендеп кеткен.

Нәтижесінде әлемде барлық бидай қоры бар-жоғы бес миллионға ғана төмендесе, ал бидай қоры – тіпті іс жүзінде өзгермейді де екен. Сондықтан бидайдың тапшылығы тура­лы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ДАҒДАРЫСЫНАН ҚАУІПТЕНБЕСЕ ДЕ БОЛАДЫ

Қазір қалың көпшілік қауіп­теніп жүрген азық-түлік дағдарысы туралы күдік азық-түліктің нақты тапшылығына еш қатысы жоқ, деп атап көрсетті Евгений Карабанов, әңгіме тек бағалардың өсуіне ғана қатысты. «Азық-түлікке бағалар, әдеттегі логистикалық тізбелер күйрей бастаған кезде, пандемия уақы­тында, өсе бастаған болатын. Украинадағы соғыс тек осы үдеріс­тің қозғаушы күші қызметін ғана атқарды», – деп атап өтті сарапшы.

Еуроодақ пен Солтүстік Америка сияқты дамыған экономикалар, қалай болғанда да бидайларын алады, тіпті ол үшін былтырға қарағанда көбірек төлесе де. Ал, бірақ та Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс­тағы дамушы елдер, өздері үшін бағадағы айырмашылық айтар­лықтай ауыр болғандықтан, басқа­лардай жеңілдікті пайдалана алмайды.

Осылайша, БҰҰ азық-түлік дағ­дарысы туралы әңгіме қозғағанда, ол ең алдымен мына: Ливан, Ливия, Сирия, Йемен, Судан, Сомали, Египет және экваториялық Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия­ның (Камбоджа, Мьянма, Бангладеш) кедей елдеріндегі бағаға қол жетімсіздігін меңзейді. Бұл елдерге, Карабановтың пікірі бойынша, халықаралық ұйымдар қаржылай көмектесуі тиіс. Еуроодақ, мәселен, осы мақсатта 225 миллион евро бөліп те қойған.

ФЕРМЕРЛЕРІМІЗ ЖАПА ШЕГУДЕ

Евгений Карабановтың пікі­рінше, күзге қарай нанға, ұн мен басқа да бидайдан өндірілетін өнім­дерге бағалар бидай бағасының құлауына байланысты төмендеуі мүмкін. Қауіптенетін дәнеңе жоқ, деп сендіреді сарапшы, нан тапшы­лығы болмайды.

Жалғыз ғана, мұндай жағдайда жапа шегетіндер – фермерлер. «Парасат» агрофирмасының директоры Константин Ёлкин Informburo.kz сайтында өткен жылдан бері бидай өндірісінің өзіндік құны 1,6-2 есе артты деп әңгімелейді. «Қарапайым мысал келтірсек: егер өткен жылы біз үш комбайнды 180 миллион теңгеге сатып алдық, ал биыл біреуі­нің бағасы – 140 миллион тең­ге. Яғ­ни техиканы жаңартуға енді біз­дің мүмкіндігіміз жоқ. Бидайға бағалар – тап сол химияға, отынға, қосалқы бөлшектер мен басқа да өніміміздің өзіндік құнын құрайтын қажеттіліктерімізге көтерілгендей – өскен жоқ», – деп атап көрсетеді фермер.

Оның айтуынша, жылдың басына бидайдың бағасы тоннасына 115 мың теңге болса, ал өзіндік құны – 60-70 мың теңгені құраған. Қазіргі өзіндік құн жағдайында, фермердің есептеуінше, бидай бағасы 150 мың теңгеден басталатындай соманы құрауға тиіс.

Евгений Карабанов та мұны маңызды мәселе деп санайды. Алайда, биылғы бұрынғыдан жоғарырақ өнім аракідік фермелердің бар шығындарын өтеп, олардың бір­шама қалыпты күйде маусымды қорытындылауына мүмкіндік бермек. Дегенмен, бұл жерде мемлекет тарапынан қолдау шаралары да фермерлердің жағдайын түзеуге жәрдемін тигізген болар еді.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

 

1533 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы