• Білім & Ғылым
  • 26 Тамыз, 2022

Балалардың мектеп сөмкесіне назар аударыңыз

Жылдың төрт мезгілінің бірі саналатын жадыраған жаз аяқталып, күздің алғашқы айының бірінші күнінде оқушылар мектепке баратыны белгілі. Тамыз айынан басталған шабыс қыркүйекке дейінгі аралықта ата-аналар жапа-тармағай балаларын мектепке дайындайтындары бар. Мектепке қажетті заттардың ішінде оқушы үшін мектеп сөмкесіне ерекше назар аудару аса қажет дейді мамандар.

Соңғы уақытта балалар мен жас­өспірімдер арасында дәрігерге арқа, бел, мойын, бас ауруымен әрі ұзақ жүріс кезінде тез шаршаумен шағымданатындар бұрынғыға қарағанда 5 есеге артқан көрнеді. Ал мамандар болса, аталған жайттардың барлығы денедегі омыртқаның дұрыс қалыптаспауына әкеліп жатқандығын, ол үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдау қажеттігін ескертіп отыр. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес, сөмкенің, портфельдің немесе рюк­зактың таңбалануына, сал­мағына және арқадағы белдік өлшеміне назар аудару керек. Жалпы сөмкенің салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 г, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс. Бірінші сынып оқушысына 2,2 кг (есеп бойынша 700 г рюкзак, 1,5 кг кітап), жасөспірімдерге 5 кг (1 кг рюкзак, 4 кг оқулықтар мен дәптерлер) тиіс. Арқадағы белдік өлшеміне келсек, төменгі сынып оқушысына арналған рюкзактың арқасы формаға төзім­ді, қатты, майыспайтын, оқушы­ның арқасына мүмкіндігінше сай келуі әрі салмақты иыққа, белге және жамбасқа біркелкі орналасуы тиіс. Бастауыш сынып оқушысына арналған рюкзактың артқы жағының ұзындығы: 3-3,6 см, алдыңғы жақтың биіктігі: 2,2–2,6 см, ені: 6-10 см. Өлшемдерін 3 см-ден асырмай ұзартуға болады. Иық белдіктерінің астары желдетілетін матадан тігіліп, белдіктің мықты бекітілуі, ұзындығымен реттелуі маңызды. Белдіктердің бірінде жеке бөлікке ажырайтын,киіп-шешуге ынғайлы, белдіктің ұзындығын реттеуге арналған ілгектер немесе басқа құралдар рюкзактың түбіне бекітілуі тиіс. Ол баланың жарақаттануынан аулақ жүруі және киімді жыртып алмауына көмектеседі. Егер бала бастауыш мектепте оқитын болса, ортопедиялық арқасы бар рюкзактарды сатып алуды ұсынады. Сонымен қатар рюзактардағы жарық шағылыстырғыш элементтерге де көңіл бөлу керек. Жолдағы бала алыстан көрінуі үшін әсіресе, кыс мезгілінде күн кеш шығып, ерте батқан кезде балалар қараңғыда мектепке немесе мектептен келе жатқан уақыттарында шағылысатын элементтер тек киімде ғана емес, сөмкеде де болуы тиіс дейді. Бұл туралы «007/2011 Кедендік одақтың техникалық регламентінде окушыларға арналған портфельдер мен сөмкелердің алдыңғы, бүйір жағында және жоғары клапандарда шағылыстырғыш элементтері бар бөлшектер мен керек-жарақтардың болуы және қарама-қарсы түстердің материалдарынан жасалуы керек. Бұл барлық рюкзактарға, тіпті жоғары сынып оқушыларына да қатысты. Рюкзак жасалған материал жеңіл, мықты, су өткізбейтін жабыны бар және тазалауға ыңғайлы» деп көрсетілген.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

3918 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы