• Өндіріс өрісі
  • 26 Тамыз, 2022

Логистика саласындағы маңызды жоба

Таяуда энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау облысына жұмыс сапарымен барып, Теңіз кен орнында болды. Онда министр еліміздегі ең ірі Келешек кеңейту жобасы – Ұңғыма ернеуінің қысымды басқару жобасын жүзеге асыру барысымен танысты.

Қазіргі таңда Келешек кеңейту жобасы бойынша жұмыстардың 93% -ы аяқталған. Жаз басталысымен кен орны операторы – «Теңізшевройл» ЖШС-ның барлық зауыттарын бірік­тіретін, сенімділігін арттыратын және өндірістік көрсеткіштерді оңтайландыратын Өндірісті бірегей басқару орталығы іске қосылған болатын. Осы жылдың шілде айы­нан бастап белгіленген жобаның бір бөлігі саналатын жаңа өлшеу қондырғысы мұнай қабылдай бастады. Сонымен қатар екінші тоқсанда қысымды ұлғайту қондырғысына қуат беретін кіші электр станциясына кернеу берілді. Болат Ақшолақов кездесу барысында аталған жобаның сәтті іске қосылуы ТШО-ның Қазақстан бюджетіне қосар үлесін айтарлық­тай арттыратынын атап өтті. Мәселен, Теңізшевройл биылғы жылдың бірін­ші жартыжылдығында ел экономикасына бес жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш – 7,5 миллиард АҚШ долларын құйған. «Бүгінгі сын-қатерлерге қара­мастан, жобаны жүзеге асыру кестесін ұстану маңызды. Бұдан басқа, қазақ­стандық өндірушілер мен отандық қызметкерлердің әл-ауқатын қамта­ма­сыз ете отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударуды жалғастыру қажет», – деді министр Теңізшевройл бас­шылығымен кездесу кезінде.

ТШО-ның Келешек кеңейту жобасы – Ұңғыма ернеуінің қысымды басқару жобасын бастағаннан бері 14,2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржыға қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды, сондай-ақ жоба аясында 25 мыңнан астам адам арнайы оқудан өткен. Бұған дейін, Теңізшевройл жобаның 408 модулін Теңізге жеткізу үшін теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасын іске қосқан болатын. Бұның өзі қазақстандық ком­паниялардың модульдер дайындау және логистика саласындағы құзыретін көрсеткен орасан зор жетістік болды.Теңіз кен орны шекарасынан шамамен 40 км жерде орналасқан Прорва түбегінде са­лынған модульді жүктерді қабылдау және оны тасымалдау үшін жаңа маршруты Келешек кеңейту жобасы – Ұңғыма ернеуінің қысымды басқару жобасы маңызды жоба болып табылады. Бұның өзі ұзындығы 76 км болатын теңіз кірме арнасынан, жүктерді түсіруге және сақтауға арналған құрылыстардан және кірме жолдан тұрады. Кас­пий теңізі арқылы тасымалдау жұмысын одан әрі дамытуды қолдау мақсатында халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді даярлайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны – ҚБТУ жанынан Қазақстандық теңіз академиясы ашылды.

Министр, Келешек кеңейту жобасы – Ұңғыма ернеуінің қысымды басқару жобасына тартылған ТШО мердігер компанияларының мыңдаған жұмысшыларын алдағы уақытта босату шеңберінде мониторинг жүргізу және өзара тығыз іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті. Бұған дейін де мәлімделгендей ТШО Атырау облысы әкімдігімен, Энергетика министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, атқарған жұмыстардың аяқталуына қарай қызметкерлерді босату процесіне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

305 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы