• Қаржы
  • 26 Тамыз, 2022

Бізде инфляция да, ақшаның құны да өсуде

Ұлттық банктің осы шілдеде ғана жүзеге асырылған базалық мөлшерлемені көтеру жөніндегі шешімінің жылдық инфляция өсімін тежеуге жәрдемі тимеді. Есесіне тіпті, банктердің табыстарын одан әрі арттыруға ықпал етіп, елімізде ақша құнын шарықтатып жіберді.

Мұның үстіне Ресейде олар­дың Орталық банкі базалық мөлшер­лемені агрессивті тежеуін жалғастырды да, ақшалары айтар­­лық­тай арзандады. Сөйтіп, ондағы тауар өндірушілердің жайғасымдарын қазақстандық нарықта нығайта түсті.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті 25 шілдеде базалық мөлшерлемені, осы жылғы сәуірдің аяғынан бергі, жылдық 14% деңгейден 14,5%-ға дейін көтеруге шешім қабылдады. Өтімділік беруде тұрақ­ты қолжетімділік операциялар бойынша мөлшерлеме 15,5%-ды, ал өтімділікті алып тастауда тұрақты қолжетімділік бойынша мөлшерлеме 13,5%-ды құраған.

Қазақстанда ақша құнының одан әрі өсуі пайдасына жара­тылған аргумент, Ұлттық банкте түсіндіргендей, инфляциялық күтулердің жеделдеуі аясындағы өзінің болжамды траекториясында іс жүзінде қалыптасқан инфляциядан да айтарлықтай асып түсуімен айқындалып отыр. Оның үстіне басты банкте инфляция әлі шарықтау шегінен асқан жоқ, деп пайымдайды мамандар.

Әрі кеткенде, оның өсімі 2023 жылдың бірінші тоқсанына дейін жалғасады да, сонан соң тежеле бастайды.

Әзірше Қазақстандағы жылдық инфляция маусым айындағы 14,5% белгіден шілдедегі 15%-ға дейін көтерілген. Бұл ретте инфляциялық өсім қарқындары бойынша әлі де сол күйінде, бір жылда 19,7%-ға қымбаттаған, азық-түлік тауарлары көш бастап келеді, одан кейін азық-түлік емес тауарлар (14,2%) және халыққа ақылы қызметтер көрсету (9,2%) жайғасқан.

Мамандар мәліметтеріндегі жаздың алғашқы айындағы 1,6%-дан шілдедегі 1,1%-ға дейін айлық инфляцияның айтарлықтай баяулауы дәтке қуат болар. Осы ретте маусым айымен салыстырғанда баға неғұрлым көбірек азық-түліктік емес тауарларға – 1,5% көтерілген, ал азық-түлік тауарлары 1%-ға, ақылы қызметтер – 0,8%-ға қымбаттаған.

Азық-түлік тауарлары арасында шілдеде озыңқы қарқындармен, аз қамтылған қазақстандықтардың тағам мөлшерлерінде негізгі саналатын, күріш (4,4%), ұн (3,5%), жарма (4,1%) макарон өнімдері (3,1%) қымбаттаған.

Етке (1,4%), сүт өнімдеріне (1,7%), жұмыртқаға (2,4%), май­ларға (1,4%), құмшекерге (5,9%) және алкогольді ішімдік­терге (1,8%) бағалар өсуі одан әрі жалға­сын тапқан.

Жемістер мен көкөніс – 4,3%-ға арзандаған, бұл қатарда тек, бағасы 9,8%-ға артқан, түйінді пияз ғана ерекше сипатқа ие.

Азық-түліктік емес тауарлар тобында шілдеде тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу материалдарына (2,5%), жуғыш және тазарту құралдарына (2,7%), жеке тұтыну тауарларына (3,1%) неғұрлым көбірек дәрежеде бағалар өсіп кеткен.

Халыққа ақылы қызметтер көрсету саласында инфляциялық сарын өткен айда 2,4%-ға қымбаттап кеткен жолаушылар көлігі қызметінде, білім беруде (1,1%), қоғамдық тамақтандыруда (1,6%), шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінде (1,3%) байқалды (1-кесте).

Ресейде болса, маусым айында да, шілдеде де тұтыну бағаларының төмендеуі – тиісінше, айға шаққанда, 0,35%-ға және 0,4%-ға, одан әрі жалғасын тапқан.

Осынау статистикалық жағым­ды жайттарға – жармалар мен бұршақты тағамдарға (1,3%), макарон өнімдеріне (0,7%), мал мен құс етіне (0,3%), сүт пен сүт өнімдеріне (0,3%), сары майға (0,4%), күнбағыс майына (1,5%), жұмыртқаға (4,4%), құмшекерге (3,5%), көкөніс пен жемістерге (11,5%) бағалардың құлауы салдарынан – 1,5%-ға арзан­даған азық-түлік тауарлары мейлінше әсерін тигізген.

Көріп отырғандарыңыздай, көршілеріміздегі баға серпінінің қазақстандықтан айтарлықтай айырмашылығы бар.

Азық-түлік емес тауарлар Ресейде шілдеде, маусым айына қарағанда, маталарға (0,3%), аяқ киімге (0,3%), тұрмыстық аспаптарға (3,3%), теле- және радиотехникаға (2,1%), құрылыс материалдарына (1,9%), бензинге (0,1%) және дәрі-дәрмектерге (0,3%) бағалардың құлауы нәтижесін­де арзандап кеткен. Ал халыққа ақылы қызметтер көрсету онда, Қазақстанмен салыстырғанда, озыңқы қарқынмен 1,4% қоса отырып қымбаттап, тұрғын үй-коммуналдық салада 3,4%, ал жолаушылар көлігінде – 3,3%-ға бір-ақ секірген (2-кесте).

Ресейдегі жылдық инфляция жоғары деңгейде қалып отырса да, бұл қазір іс жүзінде Қазақстанмен сәйкес түсіп жатқанымен, онда Орталық банк тегеурінді және өзінің түйінді мөлшерлемесін агрессивті түрде төмендетуде. 22 шілдеде оның Директорлар кеңесі тағы 150 базистік пунктке түсіріп – жылдық инфляцияның одан әрі тежелуіне әсер ететін тұтынушылық бағалар өсуінің ағымдағы төмен қарқындарын назарға ала отырып – мөлшер­лемені 8%-ға дейінгі жылдық деңгейге төмендеткен.

Мұндай шешім пайдасына басқа бір аргументті – 2021 жылдың көктеміндегі деңгейге дейін төмендеген – тұрғындар мен бизнестің инфляциялық күтулерінің де төмендеп кетуімен түсіндіруге болады. Олардан сәл кейінірек өздерінің негізгі пайыздық мөлшерлемелерін біздің тағы бір көршіміз, Қытайдың да, орталық банкы төмендетті, оның үстіне бұл осы жылда екінші рет жүзеге асты, сөйтіп олар экономиканы жандандыру үшін кредитке сұранысты осылайша ынталандырды.

Ресейдегі ақшаның, орталық банк мөлшерлемесі мен жылдық инфляция арасындағы есептеме ретіндегі, нақты бағасы маусым айындағы минус 6,4%-дан қазір минус 7,1%-ға дейін құлдырады.

Ресейлік бизнес үшін, соның ішінде қазақстандық нарыққа экспансия үшін де қолданылатын, бұл – несиелік ресурстардың кезекті арзандауын аңғартады. Қазақстандағы ақшаның нақты бағасы, маусым айындағы минус 0,5% жайсыз деңгейінде қалса да, байқап отырғанымыздай, отандық бизнеске оның ұрын­дырар жағымсыз зардаптарын айт­паған­ның өзінде, ресейлік бағаға әлдеқайда ұтылатыны айқын.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің кезекті жос­парлы шешімі ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде мәлім болады. Ал, Орталық банк (Ресей Банкі) Директорлар кеңесінің, негізгі мөлшерлеме деңгейі туралы мәселе қаралатын, келесі мәжілісі 16 қыркүйекке жоспарланған (3-кесте).

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

1825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы