• Білім & Ғылым
  • 01 Қыркүйек, 2022

Кітап – сарқылмас асыл қазына

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы  жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай «Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығы үшінші рет «Тұлға болам» кітап оқу сайысын ұйымдастырған еді.

Таяуда Алматыдағы ҚР Ұлттық кітап­ха­насының Үлкен залында «Тұлға боламын» атты рес­пуб­ли­калық кітап оқу сайы­сы­ның қорытынды кеші өтті. Іс-шараға зиялы қауым, әдебиет­танушылар мен БАҚ өкілдері, мектеп ұстаздары мен шәкірт­тері, кітапханашылар қатысты.

«Шұғыла» қоры мен «Дария» дамыту орталығының жетек­шілігімен және де демеуші компа­ниялар­дың қолдауымен «Тұлға болам-3» кітап оқу сайысы ұйым­дас­тырылған болатын. Байқауға 4 оқушылар және 1 ересектер тобы қатысып, 120 000 қатысушының ішінен ең үздіктері іріктеліп, жұлдызы жанғандар ғана жүлдегер болды. әр топтың кітабы мен жүлдесі әр түрлі. Сайыстың ережесі бойынша, қатысушылар қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын оқудан жарысады. Олардың әрқайсысы 3 кезеңде 3 кітапты оқып бітіруі тиіс. Әр кезеңнің соңында кітап бойынша онлайн тест тапсыру арқылы үміткерлер анықталды. Белгілі домбырашы, әнші Ержан Смағұлов жүргізген кеште Алматы қаласы мәдениет бас­қармасының басшысы Ғани Майлыбаев, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық кітапха­насы­ның ғылыми хатшысы Болат Жүнісбеков, ақын, жур­налист, Жазушылар Одағы төр­ағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Dacomotors Kazakhstan компаниясының құрылтайшысы, «Шұғыла» қоры қамқорлық кеңесінің мүшесі, демеуші кәсіпкер Тау Сырымбек, байқаудың демеушілері Рүстем Қараев, Жасұлан Жақсымбетов, Жұмабек Жанықұлов, Азат Тапишев сөз сөйлеп, кітап оқуда үздік атанған бала­ларды марапаттады.

Шара барысында жеңім­паздарға Стамбулға саяхат, MacBook, iPad, Apple Watch, велосипед, 350 000 теңге, 500 000 теңге және басқа да бағалы сыйлықтар табысталды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

3694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы