• Білім & Ғылым
  • 01 Қыркүйек, 2022

Білім сапасын көтеру – басты міндет

Биылғы жылы Жетісу облысындағы білім саласының бюджеті 138 млрд. теңгеден асып отыр. Бұл әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65%-ы. Аталған қаражат білім нысандарының құрылыс жұмыстарына, материалдық-техникалық базасын нығайтуға, инновациялар мен заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізуге және басқа да маңызды іс-шараларға бағытталуда.

Бұл туралы Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен педагогтардың тамыз конференциясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев атап өтті. «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта өткен тамыз жиынында педагогтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірде білім сапасын арттыру мен тәрбие тізгінін нықтау мәселесіне кеңінен тоқталды.

Облыс әкімі жастардың кәсі­би техникалық даярлығы мәсе­лесіне ерекше көңіл бөлді. Аймақтағы кәсіптік білім беретін мекемелерде 50 мамандық, 93 біліктілік бойынша мамандар даярланады. Қазіргі уақытта қажетті мамандықтар үшін облыстық бюджеттен 192,1 млн.теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар облыс әкімі білім беру мекемелері басшыларының біліктілігі мен оқушылардың білім сапасын көтеру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, жастардың техникалық және кәсіптік оқумен қамтылу көрсеткішін артты­рып, нарыққа қажетті жұмысшы мамандықтарды дайын­дауға ерекше назар аударуды тап­сырды. Сол сияқты мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту мақсатында мемлекеттік-жеке­мен­шік серіктестік механизмі жандандырылып, инвестиция тарту жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс. Басталғалы отырған оқу жылындағы бағыт-бағдар негі­зінен осындай міндеттерге негіз­делетін болады.

Жетісу облыстық білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова баяндама жасап, сала мамандарын жаңа оқу жылында орта білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

САЛТАНАТ ҚАЖЫКЕН

4429 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы