• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2022

ТМД: Әлеуметтік сала өкілдері бас қосты

Алматыда Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының әлеу­меттік сала өкілдері қатысты. Конференцияны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағын­дықова ашты. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ төралқа төрағасы Сүйеніш Әбділдин Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қа­уымдастығын 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, сөз сөйледі. Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы Алмас Құрманов жиынның ашылу салтанатында Алматы қаласындағы халықаралық конференция қауымдастық мүшелеріне пандемияның қысқа мерзімді жауап шаралары мен ұзақ мерзімді әсерін талдауға, сондай-ақ осы саладағы әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі проблемаларын талқылауға арналған бірегей платформа ұсынатындығын атап өтті.

Конференция қатысу­шылары өз тәжіри­белерін, жеткен жетістіктерін ортаға салды. Әзербайжан Республикасы тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздан­дыру агенттігінің (DOST) де­ректерді басқару және талдау департаментінің директоры Шахин Зульфугаровтың айтуынша, қазақстандық фронт-офистер аналогы саналатын Тұрақты және жедел әлеуметтік қамсыздандыру агенттігі (DOST) Президент жарлығымен 2018 жылдан жұмыс істейді. DOST агенттігі Бірыңғай үйлестіру орталықтарының қызметтерін қоса алғанда, тікелей орталықтар желісі арқылы 12 бағытта 154 қызмет көрсететінін айтты.

Өзбекстан Республикасы­ның Қаржы министрлігі жанындағы Зейнетақы қоры атқарушы директорының бірін­ші орынбасары Зохидхужа Тұрсынов Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясының әлеуметтік саласына тоқталса, Беларусь Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау қоры басқарушысының бірінші орынбасары Виктория Трухан «Беларусь Республикасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылатын, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары шаруашылық жүргізуші субъектілерге де, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары ұсынатын қызметтер мен сервистерді шоғырландыра­тын жалпы мемлекеттік авто­маттандырылған ақпарат­тық жүйенің электрондық қызметтерінің бірыңғай порталы жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті.

«Мұндай конференциялар барлық қатысушыларға тәжірибе алмасуға және үнемі деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Біз әріптестеріміздің осы кеңістікте бір-бірімен ықпалдастығын көріп отырмыз және бұл елдердің бар­лық қатысушысына білімді таратуға мүмкіндік береді. Осындай конференцияларға қатысатын әріптестерімізге тек оң көзқараспен қараймыз. Бұл бүкіл елге, әлеуметтік қамсыздандырудың барлық салаларына тек қана пайда әкелері сөзсіз», – деді «Аза­мат­тарға арналған үкімет» МК КЕАҚ төралқа төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифр­ландыруға белсенді түрде бағыт алып отыр. Мемлекеттік корпорация – мемлекеттік қызметтердің бірыңғай про­вайдері ретінде өзгерістер драйвері болып табылады.

«Біз үнемі халықпен жұ­мыс істеуде алдыңғы шепте отырғандықтан, өзекті мәсе­лелерді көтереміз. Бүгінде ел бойынша Еговты монополия­сыздандыру үрдісі жүруде. Мемлекеттік қыз­мет­тер­дің қолжетімділігін тек мем­ле­кеттік қызметтердің бірыңғай порталында ғана емес, банктер, онлайн платформалар арқылы алуға мүмкіндік жасалуда. Бұл мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу үшін ең өзіне ыңғайлы нұсқаны таңдай алады. Әлеуметтік қамсыздандыру тұрғысынан бұл – проактивті қызметтер. Өтініш беру форматынан анықтау, авто­матты түрде қызмет көрсету форматына көшу. Бұл орайда Еңбек және әлеуметтік қорғау  министрлігі­ қолға алған «Отбасының цифрлық картасы» жобасынан үлкен үміт күтуге болады», – деді Сүйеніш Тілеуханұлы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қа­уымдастығы ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысу­шылар тәжірибелік әлеуметтік бағдарламаларға қатысып, Алматы қаласының Әлеуметтік қызметтер үйінің жұмысымен танысты.

НҰРЛАН ҚҰМАР

877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы