• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2022

Қант тапшылығы болмайды

Қант саласындағы бизнес субъектілерінің бастамасы бойынша «Атамекен» ҰКП және қауымдастық өкілдері ұсынған іс-шаралар Үкіметтің қант саласын дамытудағы 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында қолдау тапты. Ұлттық палата сарапшылары бұл жоспар тиісті орындалса, онда елді қантпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Өткен жылы ішкі нарықтың қантқа қажеттілігі 532 мың тоннаны құраған. Бұл ретте отандық кәсіпорындар 226,7 мың тонна қант өндірді, соның ішінде меншікті шикізат есебінен – 35,6 мың тонна (6,6%) шығарылып, қалғанының бәрі импортталған. Оның бір бөлігі қант түрінде (58%), бір бөлігі 266,3 млн доллар сомасында шикі қант түрінде (36%) әкелінген. «Қант қызылшасын егуге қажетті алқаптар соңғы бес жылда теріс динамиканы көрсетіп отыр. Осыған байланысты жыл сайын 15-20 пайызға қысқарып жатқанын атап өткен жөн», – деді ҰКП сарапшылары. Облыстағы ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша биылғы жылы қант қызылшасына егіс алқабы 26,3 мың га жоспарланған, іс жүзінде 12,6 мың га ғана егілді. «Мәселе мемлекет тарапынан шешімдер мен қолдау таппайтын проблемалардың түйінінде. Алайда, қазіргі кезде егістіктің төмендеуінің негізгі себебі жердің мелиорациялық жай-күйінің нашарлауымен қатар жүретін суару және дренаж жүйелерінің едәуір тозуы және істен шығуы болып отыр. Сонымен қатар суармалы суға қатысты жағдай шешілмей тұр. Атқарылған істі емес жеке пайданы ғана ойлаған мердігерлер бірнеше жыл бойы каналдар салып жатыр. Бәрі қазылып тасталған, су тіпті ескі арықтардан да өтпейді. Суарудың соңғы нүктесіне дейін жеткенде су шығыны көп болып, 70%-ға дейін жетті», – деп атап өтті ҰКП өкілдері. Қызылша егетін өңірлерде егіс алғаптары және суармалы судың тапшылығынан басқа қант қызылшасын егуде заманауи агротехнологияларды қолдану, соның ішінде ұсынылған ауыспалы егісті сақтау мәселесін шешу керек. Осы және басқа да жүйелі мәселелер «Қазақстанның қант және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ 2020 жылы ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп әзірлеген қант саласын дамыту жөніндегі жол картасын негізге алынды. Бірақ құжат әлі қабылданған жоқ. Сонымен қатар Ресейдің биылғы жылдың наурызында ЕАЭО-ға қант экспортына енгізген шектеу шаралары еліміздің қант нарығындағы жағдайды едәуір қиындатты. Қазіргі кезде ел қант импортына тәуелді болып отыр. Мемлекеттік бағдарламаларда­ғы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ. Елді қантпен қамтамасыз ету үшін отандық шикізат негізінде толық өндірістік циклды дамыту арқылы өз қант саласын күшейту қажет. Сарапшылар, Қант зауыттарының қажеттіліктерін ескере отырып, өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру, сондай-ақ қант қызылшасы мен шикізатты тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Елді қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге қойылған мін­деттер мен кешенді жоспарда бекітілген іс-шаралардың орындалуын нақты бақылау және мониторинг жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын айтуда.Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Үкімет қант саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Қант саласында жұмыс істейтін бизнес өкілдерінің бастамасымен «Атамекен» ҰКП және қауымдастық ұсынған шикізатпен қамтамасыз ету үшін қант зауытынан 150 км радиуста қант қызылшасын өсіруге жарамды қолданыстағы егіс алқаптарына мониторингін жүргізуді, ауыспалы егісті ескере отырып, қызылша егетін өңірлерде, атап айтқанда Жамбыл мен Алматы облыстарында 2026 жылға дейін қант қызылшасына арналған суармалы жерлердің алаңын 38 мың гектарға дейін ұлғайтуды, жаңа су қоймаларының құрылысын әзірлеу және ескі су қоймалары мен суару массивтерін қалпына келтіруді (Басқан, Бүйен, Покатилов су қоймалары) және тұқымдар мен гибридтер бағасының өсуін ескере отырып, тұқым шаруашылығын субсидиялау нормативін қайта қарауды қарастыру шаралары қолдау тапты.

Өндіруші зауыттардағы қант көлемін есептемегенде қазіргі күні  елімізде 30 мың тонна қант қоры бар екен. Тараз және Көксу қант зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, мамыр айында Мерке қант зауыты іске қосылды. Осылайша, 3 өндіріс орны ішкі нарықты қантпен толық қамтамасыз етуде. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес елімізде қолданыстағы қант зауыттарын жаңғырту және отандық қантпен қамтамасыз етілу деңгейін 2025 жылға қарай 80 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

864 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы