• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2022

Алматыда газ құю бекеттері жетіспейді

Соңғы кездері  Алматы қаласында жолаушылар автобусына жанармай құю бекеттерінің тапшылығынан қоғамдық көлік жүргізушілері станцияларда таңғы 04:00-тен бастап кезек күтулеріне тура келеді екен.

Осыған орай Кәсіпкерлер пала­тасы оңтүстік астанадағы автобустарға газ құю үшін жабдықталған 7 станция бар екендігін, олардың толық қуаттағы  20 пайызы ғана жұмыс істеп тұрғандығын және күніне 650-ден астам қалалық жолаушылар автобусына қызмет көрсетіп отырғандығын мәлімдеді.  Ал автобус жүргізушілері газ құю үшін таңнан бастап кезекке тұруға мәжбүр. Осының салдарынан біраз жүргізуші жұмыстан шығып, өзге салаларға кетіп жатқан көрнеді. Бизнес өкілдері түйінді мәселенің басты шешімі  газ құю бекеттерін ашу үшін жер телімін беруді сұрап отыр. «Бекеттер ашу мақсатында жер телімін бөлу жұмыстары жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Алайда, жос­парлы іс-шаралар қазіргі уақытта төменгі қарқынмен жүргізілуде. Бұл саланың өзара үйлесімділікте жұмыс істемегені және мемлекеттік органдардың қызығушылығын тудырмай отырғандығымен байланысты», – дейді «Атамекен» ҰКП әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлім басшысы Нұрбол Әшербеков. Алматы қаласында газ құю бекеттерін салу «QazaqGaz» компаниясына жүктелген. Дегенмен Алматы қаласының әкімдігі жер телімдерін бөлуге және инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары уақытылы орындалмай жатқандығында болып отыр. «Қазақстанның әлеуметтік құрылымының дамуымен Алматыда да инфрақұрылымды дамыту жалғасуы тиіс. Бұл мәселе «Алматытрансқа» ғана қатысты емес. Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасы жағдайды бақылауда ұстап, мәселені шешу үшін жұмыс тобын құру керек», – деді Кеңес төрағасы Юрий Тілеумұратов. Жиын барысында  қаралған екінші мәселе, уәкілетті орган бұрын берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күшін жою туралы анықтамаға қатысты болды.

2013 жылы «Нұртау Темір» ЖШС «Құрылыс материалдары» АҚ-тан өндірістік базаны пайдалану үшін нысаналы мақсаты бар өндірістік аумақтың бір бөлігін сатып алған. Бұған дейін «Құрылыс материалдары» АҚ аталған жылға дейін болған барлық санитариялық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес қауіптіліктің II тобына жататын кірпіш, тауарлық бетон, керамзит, минералды мақта және басқа да құрылыс материалдарын өндірумен айналысқан. «Құрылыс материалдары» АҚ үшін санитариялық-қорғау аймағы тұрғын үйлерден 30 метр қашықтықта деп белгіленді. Қазіргі кезде «Нұртау Темір» ЖШС санитариялық-қорғау аймағының шекарасы өзгеріссіз және аталған жер телімінде қоршаған ортаға қауіпсіз қызмет көрсетілуде. Демек, іс жүзінде осы жер телімінің және оған іргелес аумақтың экологиялық жай-күйі жақсарып, ал СҚА өзгеріссіз қалды. Алайда, Алматы қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылғы 9 сәуірдегі №A. 05.X.kz03vbz00025897 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күшін жою үшін өзінің аумақтық бөлімшесіне сотқа талап арыз берді. Енді 300-ге жуық адам жұмыс орнынсыз қалуы мүмкін.

Осылайша, Комитет 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін СҚА бойынша ескертулер жіберген жоқ. Ал 2021 жылы №237 санитариялық қағидаларға сәйкес СҚА мөлшерін кәсіпорын шекарасынан 300 метр қашықтықта белгілеуді талап етті. Бұл әрекеттер кәсіпорынның жұмысына қауіп төндіреді. «Нұртау Темір» ЖШС өндірістік базаның құрылысына шамамен 10 000 000 000 теңге жұмсалған және несиелік қаражаттың қайтарылуы мүмкін еместігі айдан анық, яғни кәсіпорын банкрот деп жарияланады.

«Экологиялық заңнамаға сәйкес, егер сізде жұмыс істеуге рұқсат ету туралы қорытынды болмаса, қызметін тоқтата тұруға талап қойылған, өйткені 51- бапқа сәйкес олар өз қызметін жүргізе алмайды» деп отыр экология басқармасының өкілі. Айта кету керек, соңғы 3 жылда шаң-тозаңға байланысты Алматы қаласы бойынша экология департаментінің зертханасы, Алматы қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК және сапаны бақылау комитетінің зертханасы мен «Ecology Expert» ЖШС зертханасы 50-ден астам зерттеу жүргізген. Барлық өлшеулердің нәтижелеріне сәйкес, шекті рұқсат етілген концентрациялардың артуы анықталған жоқ. Кеңес шешімімен мәжбүрлі банкроттықты болдырмау үшін «Нұртау Темір» ЖШС медиация тәртібімен бітімгершілік келісімін жасап мүмкіндігін қарастыру жолдары ұсынылды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

1035 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы