• Өндіріс өрісі
  • 01 Қыркүйек, 2022

Келешекке бағдарланған өндірістік жоспарлар

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ халықаралық қаржылық есепті стандартына сәйкес, шоғырланған қаржылық есептілікті жариялады. «Компания уран нарығының соңғы жылдағы конъюнктурасының едәуір жақсаруына байланысты 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржылық нәтижелерін көрсетті», – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Мұқанов.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 500 миллиард теңгеге жуық түсім өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан. Түсімнің өсуі, өз кезегінде, операциялық пайданың шамамен 182%-ға ұлғаюына және түзетілген таза пайданың іс жүзінде үш есе – 167,4 миллиард теңгеге дейін өсуіне алып келген. Нәтижесі өткен жылғы уран нарығындағы ахуалдың едәуір жақсарғанын көрсетуде. Операциялық көрсеткіштер өндіріс көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінен төмен болды. Бұл осы жылы өндіру көлемін жүзеге асыру үшін қажетті өткен жылғы ұңғымаларды игеру мерзіміне әсер еткен жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға орай жылдық өндіру жоспарынан сәл артта қалып отыр.Әлемдегі экономикалық белгісіздік пен жыл басындағы геосаяси оқиғалар тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі жүйелердің өзіндік сынағы болды. «Тәуекелдерді бас­қару жөніндегі Компанияның тә­жірибесі бірнеше негізгі салаларда өздерінің сенімділігін көрсетті. Алайда, белгісіздік пен тәуекелдер Компанияның өндірістік және бюджеттік жоспарлау процестерінің күрделенуіне алып келді. Компа­нияның нарықтық сұранысы мен келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес, өндіріс көлемін жоспарлаумен қатар, қазіргі жағдайда өсіп келе жатқан инфляция­лық қысымды және өндірістік жеткізілім тізбегіндегі ықтимал кідірістерді ескеру қажеттілігі туындады, бұл біздің өндірістік жоспарларымызға да әсер етуі әбден мүмкін», – деді жиын барысында Е. Мұқанов. Уран нарығының жақсаруына және қысқа мерзімді нарықтағы белсенділіктің төмен­деуі аясында ұзақ мерзімді келі­сімшартқа қызығушылық артып, баға белгілеудің айтарлықтай жақсаруына қарамастан сұраныс пен ұсыныс балансының іргелі жылжуы көп жағдайда екінші жетікізілім қорларының шексіздігі жайлы қате болжамдарға байланысты әлі аяқталмай келе жатырғандығын, нарыққа бағытталған стратегия мен кен орындарын игеру және өндірудегі қазіргі қиындықтарды ескере келе, Компания тәртіпті­лікті ұстануды жалғастыруда. Өндіріс көлемін шамамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өн­дірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда 10%-ға қысқартуды, келер жылға  жоспарланған диапазонмен салыстырғанда 2024 жылы шамамен 2 000 - 3 000 тонна уран өндірудің әлеуетті ұлғаюын жоспарлауда.

Бұл соңғы бірнеше жылда жа­һан­дық көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуде энергетикалық инфрақұрылымның қоғамдық және экологиялық салдарларын халықаралық деңгейде талқылау, атом энергетикасы үшін оптимистік болжамдар мен уран нарығының конъюнктурасын жақсартуға ықпал ететін ажырамас факторы екендігін атасақ, осы мәселе Ресей-Украина қақтығысы аясында энергетикалық қауіпсіздікке және энергия көздерін әртараптандыруға көбірек көңіл бөлу керектігі одан әрі өзекті бола түсті. Түрлі юрисдикциялар, соның ішінде бұрын ядролық энергетикадан бас тарту туралы шешім қабылдағандар немесе оны кезең-кезеңімен төмендету жоспарын ұстанғандар осы бағыттағы саясатты, ал кейбір жағдайда атом энергетикасын жаңартылатын энергия көздеріне көшу стратегиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырады. Ядролық энергетиканы қолдаудағы осындай ілгерілеу қазбалы отын өндірісінің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмауға мүмкіндік беріп қана қоймай, туындаған әлеуметтік тәуекелдер мен энергетикалық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдерді жұм­сартуға да көмектесер еді деуде мамандар.

Алдағы уақытта Қазатом­өнеркәсіп өндіріс пен сату мәсе­лелерінде нарықтық тәр­тіпті сақтауды жалғастырып, Компанияның стейкхолдерлері үшін ұзақ мерзімді құндылықтар құруды және ядролық отынға деген сұраныстан туындаған орташа және ұзақ мерзімді келісімшарттың жаңа цикліне белсенді қатысуды жоспарлап отыр.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы