• Өндіріс тынысы
  • 01 Қыркүйек, 2022

Өнім сапасы бірнеше рет расталды

Шығыс өңірдегі жалғыз май және жағармай өндіруші «MSK Group KZ» ЖШС өндірістік мақсаттағы үздік өнімді шығарушы ретінде «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы жеңімпаздарының үштігіне енген және облыс атынан конкурстың республикалық кезеңіне аяқ басты.

Он екі жылдық тәжірибесі бар, қажетті өндірістік қуатты игерген кәсіпорын әр түрлі жағармайларды өндіруге маманданған, сондай-ақ гидравликалық, индустриялық, трансмиссиялық, жуу және басқа да өнеркәсіптік майларды шығарады.

Сенім мен беделді жоғары қоятын компания шикізат сапасын, оның өндіріске енуін бақылауда тиісті нұсқаулықтар пайдаланады. Яғни, міндетті түрде шикізатты жеткізуші контрагенттердің төлем қабілеттілігіне, олардың тарапынан түрлі тыйымдардың болмауына тексеру жүргізіледі. Сатып алынған шикізат сертификаттал­ған жабдықтармен және өлшеу құралдарымен жабдықталған, жеке аттестатталған өндірістік зертханада сынақтан өтеді. Содан кейін ғана жағармай дайындалып, дайын өнімді жан-жақты бақылау жүзеге асырылады.

Майлау өндірісінің технология­сы Еуразиялық патенттік ұйым­мен патенттелген. Инновация­ның тиімділігі сол, дайындау процесі екі есе қысқарған, жоғары сапалы сипаттамалары бойынша өнім Қазақстанда ғана емес, ТМД-да да баламасыз саналады. Температураның ауытқуы кезінде тұтқырлықтың әлсіз өзгеруі, коллоидтық тұрақтылық, оңтайлы ену, жақсы диэлектрлік көрсеткіштер, жоғары беріктік шегі, пайдалану ыңғайлылығы және үнемділігі, жергілікті қамтудың 90% үлесі – тауардың негізгі артықшылықтары. MSK өнімдері қозғалмалы механизмдері мен үйкеліс элементтері бар әртүрлі қондырғыларда қолданылады. Кәсіпорынның мүмкіндіктері кез-келген майлауды шығаруға мүмкіндік берсе де, менеджмент сұраныс пен ұсыныс қағидаты бойынша құрылған. Қажет болған жағдайда тапсырыс беруші өзінің шарттары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін өнімнің нақты түрі өндірілетініне сене алады.

MSK қызметі негізінен көтерме жеткізілімдерге бағытталған, сондықтан кәсіпорынның тұрақты клиенттері арасында «Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС, «Востокмашзавод» АҚ, «Конденсатор зауыты» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС сияқты ірі компаниялар, сондай-ақ плас­тикалық майларды қайта сатумен айналысатын түрлі трейдерлер бар. MSK өнімдері Алматы, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жеткізіледі. «Қазақстан бойынша тапсырыс берушілер өте көп. Біз Еуразиялық топтың «Қазақстан алюминиі» АҚ, «Қазхром «ТК» АҚ-пен, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ-пен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» компаниялар тобымен жұмыс істейміз. Жалпы, тау-кен, мұнай, көмір өнеркәсібіне және экономиканың басқа да секторларына қызмет көрсетеміз», – дейді «MSK Group KZ» ЖШС директоры Константин Дубинкин.

Қызметтің негізгі бағыты­нан басқа, компанияның пре­курсорларға рұқсат беру лицензиясы да бар. Қазір қауіпті қал­дықтарды кәдеге жаратуға лицензия алған, яғни пайдаланылған майларды (мотор, трансформатор, турбиналық және т.б.) қайта өңдеп, кәдеге жаратады. Өз тауар­ларындағы қазақстандық қамту пайызын көрсету үшін «MSK Group KZ» ЖШС жыл сайын литол және солидол сияқты май түрлеріне СТ-KZ сертификатын ресімдейді. Құжат компанияға мемлекеттік сатып алуға, «Самұрық-Қазына» холдингінің сатып алуына және т. б. қатысуға мүмкіндік береді. СТ-KZ сертификаты әдетте отандық тауар өндірушілер арасында өткізілетін конкурстарда талап етіледі. Мысалы, Қорғаныс министрлігімен шарт жасалған, ол бойынша СТ-KZ-ті қоса беру керек. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта бұл сертификатты алу қиын, сондықтан компания өкілдерінің барлық рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетіп, отандық тауар өндірушіге жан-жақты көмек көрсетілсе екен деген тілегі бар.

Кәсіпорынның алдағы жос­парлары – өндірісті, өнім желісін кеңейту және тауарлар номенклатурасын ұлғайту, жаңа жабдықтар сатып алу, шетелдік нарықтарға шығып, оның шінде Ресей мен Қытайдың ірі компанияларымен шарттық қатынастар орнату.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы