• Мәдениет & Спорт
  • 09 Қыркүйек, 2022

КІМАСАР ТІЛЕК САРҚЫРАМАСЫ

Тілек сарқырамасы Медеу мұз айдынынан 4 шақырым жерде, Кімасар шатқалында орналасқан. Сарқырама шағын, бірақ оған апаратын жол айналадағы табиғи ортаның сұлулығымен, қалың шалғында қаулай өскен небір әсем гүлдердің хош иісімен және таудың саф ауасымен жаныңды жадырататын аса көркем аймақты қамтиды.
Кімасар шатқалымен ежелде көшпелілер керуені жүріп, сақ абыздары бұл жерде өздерінің Тәңірге табынушылық жоралғыларын өткізген.
Аңыз бойынша сонау ескі заманда шатқал маңындағы ауылда бір бай болған екен. Ол сансыз мал табындарына арналған шексіз-шетсіз жайылым жерлерді иемденіпті.
Сондай-ақ байдың күн десе көзі, ай десе аузы бар сұлу қызы болған екен. Оның сұлулығы туралы қауесет алыс жерлерге жетіп, оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген құда түсушілер сұлудың жүрегін баурауға тырысқан деседі.

Осындай аңыздарға өзек болған Кімасар шатқалы жылдың төрт маусымында өзіндік қайталанбас реңге енетін көркем табиғат көріністерімен жадыңызда қалады.

119 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы