• Бизнес & Қоғам
  • 09 Қыркүйек, 2022

Сатылымдағы өнімдер стандартқа сай ма?

Таяуда Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғадан түскен шағымға байланысты «Арена S» ЖШС және «Теходом Оператор» АҚ сияқты бақылау субъектілеріне қатысты заңнамалық норманың сақталуы турасында жоспардан тыс тексеру жүргізген.

Аталған сауда орындарын тексеру барысында «Техникалық реттеу туралы» заңнамаға сәйкес, өнімді таңбалау және мем­ле­кет­тік нарықтағы өнім айна­лы­мының бірың­ғай белгісі бол­маған.Сатылымдағы «Mix RETRO GENESIS» ойын пульті мен ZMG-007 электр еттарт­қышында мемлекет­тік тіл­дегі нұсқаулық, пакетте USB бар FM модулятор заряд­тағыштарында Кеден одағына мүше мемлекет­тер­дің нарығында өнім айна­лымының бірде-бір бел­гісінің жоқтығы, ал AXION еттарт­қышының тіркемесінде бірыңғай белгіден басқа нұсқау көрсетілмеген. Сонымен қатар BOSCH балмұз­дақ өндірушісінің бірыңғай ЕАК белгісі, BAS 5310 ішкі теледидар антена­­сын пайдалану жөніндегі нұсқаулық­та мемлекеттік және ресми тіл­дегі ақпараттар көрсетілме­ген. Қаптамадағы мультимедиялық динамик­тердің В16 бағанында Кеден одағына мүше мемле­кеттердің нарығындағы өнім айналымының Haier NK 600 шәйнегінде, MiVue C520 бейнетіркегішінде және GENESIS ойын консолінің пайдалану нұсқаулығында мемлекеттік тілдегі ақпарат жоқ. Нормалардың сақтал­­мауы 004/2011 және 020/2011 Кедендік одақтың Техни­калық регламенті талапта­рының бұзыл­ған­дығын біл­дірсе, қарапайым тұтыну­шыларға әрине қолайсыздық тудыра­тыны сөзсіз. Жоға­ры­да аталған бақылау субъек­тіле­рінің басшылығы Алматы қаласында орналас­қандықтан, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының «Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес,тиісті шараларды қолдану мақсатында жоспардан тыс тексерудің барлық материалдары Алматы қаласы бойынша де­пар­таментіне жолданып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ИМПОРТТЫҚ КАБЕЛЬГЕ  52 СҰР СЕРТИФИКАТ ЖОЙЫЛДЫ

«Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қазақстандық қа­уымдастығы» ЗТБ-ның өтінішіне байланысты жүргізілген талдау қорытындысы бойынша биылғы жылы Қырғыз Республикасының сертификаттау органдарында ЕАЭО техникалық регламенттер талаптарына кабельдік-өткізгіш өнімнің сәйкестік сертификаттарын беру кезінде көптеген заң бұзушы­лық­тар расталған.

Мәселен, сертификаттарда сертификатталатын өнімге қатысы жоқ стандарттар мен техникалық регламенттер көрсетілсе, партияның мөлшері және басқа да қажетті ақ­параттар енгізілмеген. Жоғарыда аталған заң бұзушылықтар елімізде салынып жатқан түрлі нысандар мен тұрмыс жайларға тиісті қауіпсіздік талаптарының жоқтығы кабельдік-өткізгіш өнімдерді пайдалану адам өмірі мен денсаулығына және де мүлкіне зиян тигізуі әбден мүмкін. Сертификаттары жойылған тауарларға 1 кВ кернеулі қуат кабелі, электр қондырғыларын бақылау кабелі, желілік сымдар, электр құралдары мен қондырғыларға арналған сымдар, қуат сымдары, дабылды және монтажды кабельдер жатады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

2569 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы