• Ақпарат
  • 09 Қыркүйек, 2022

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНДЫ

Қыркүйек айының 2-3 күндері аралығында Алматы қаласында офлайн және онлайн форматында халықаралық «Хирургия және трансплантологияның өзекті мәселелері» тақырыбында Қазақстан хирургтерінің ІІІ съезі өтті.

Денсаулық сақтау министр­лігінің қолдауымен «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ және «Қазақстандық хирургтер қоғамы» РҚБ бірлесіп өткізген аталған шараға Жапония, Үндістан, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Грузия елдерімен қатар, Қазақстанның медициналық ғылыми орталықтары, жоғары медицина оқу орындарының өкілдері спикерлер мен дәріскерлер ретінде қатысты.

Съезді денсаулық сақтау ми­нистрі Ажар Ғиният онлайн фор­матында ашып, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Марат Шорановтар қатысушыларды құттықтады.

Жоспарланғандай аталған іс-шара бір пленарлық және бес сек­циялық отырыста өтті. Сонымен шараның бірінші күні денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 15 елдің қатысушылары мен отандық жетекші маман­дарға өз алғысын білдіріп, ынтымақтастықтың алға қарай да жалғасатындығын және осы шара жаңа жетістіктермен бөлісуге, озық тәжірибиемен алмасуға әрі пациенттерді емдеу процесіне тиімді инновацияларды енгізуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.Ол сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы Мемлекет басшысының бас­ты назарында екендігін және оның бастамасымен Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Семей қаласында 6 университеттік аурухана, Түркістан, Петропавл, Көкшетау облыстарында 3 көп бейінді аурухана Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиниканы салу бастау алғандығын, келер жылы медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтан­дыру жүйесін енгізу заң бойынша жүргізілетіндігін айтты.Денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасының жобасында хирургиялық және транс­плантологиялық қызмет мәселесі назардан тыс қалмай, өңірлер­де ішкі эндоскопиялық хирургияны, эндоскопиялық гемостаз орталықтары, донорлық ұйымдар желісін дамытуды жос­парлап отырғандығын және транс­плантологиядағы зертханалық қызметті жетілдіру жұмыстарының іске асырылып жатқанын атады.

Қазіргі уақытта елімізде хирур­гиялық көмекті 330-дан астам мемлекеттік және жеке меди­циналық ұйымдар көрсететіп отыр екен. Соңғы жылдары қазақстандық хирургия айтар­лықтай жетістіктерге қол жеткізген. Әлемдік стандартқа сай хирургтар торакалды-абдоминалды аймақ ағзаларына операциялардың барлық түрлерін, соның ішінде ең аз инвазивті хирургияның түгелге жуық спектрін, бауыр мен ұйқы безі резекциясын табысты жүргізіп, бүгінгі күні Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы отандық хирургияның көш­басшысы ретінде өз жетістіктерімен әлем­дік деңгейдегі танымал орталыққа айналған. «Ағза донорлығы бойынша көшбасшы елдердің озық тәжірбиесі көрсеткендей, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың қозғаушы күші трансплантация жасауға кәсіби даярланған үйлестірушілердің дамыған желісі. Бүгінгі күні трансплантологияның күрделі бағыты – тірі кезіндегі донорлық дамуда. Отандық хирургтар соңғы 10 жыл ішінде 1600-ден астам тірі донордан ағзаларды ауыстырып салды, бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға септігін тигізуде.Министрлік тарапынан салалық және өңірлік донорлар бағдарламасын әзірлеу және енгізу, донорлық ұйымдар желісін ұлғайту, трансплантация үйлестірушілері мен трансплантолог дәрігерлерді даярлау, трансплантология саласында зерттеулер жүргізу, инновациялық технологияларды әзірлеу және оларды өңірлерге тарату, халықтың барлық топтары арасында ағза донорлығын дамыту мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуі халықтың тиімді трансплантологиялық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді министр. Съезд барысында әлем халқы арасында белең алған кәсіби және онкологиялық ауруларға сала мамандары жүйелі түрде тоқталып өз пікірлерін білдірді. Онда «Бауырдың қатерлі өсінділері кезіндегі балалар трансплантациясы», «Онкохирургия дегеніміз не?», «Тірі донор бауыр трансплантациясындағы ерекшеліктер мен қиындықтар», «Өт тас ауруының симптомы бар жүкті әйелдерді емдеу тактикасы», «Ауру фазаларына байланысты панкрео­некрозы бар науқастарды емдеу стратегиясын таңдау», «Панкреонекрозды және оның асқынуларын бағалауда­ғы компьютерлік томографияның мүмкіндіктері», «Ұйқы безінің аденокарциномасы – ультрадыбыстық зерттеулер», «Көкбауырды сақтамай және сақтау арқылы лапаро­скопия­лық дисталды панкреатэктомия», «Периампулярлық аймақтың қатер­лі және қатерсіз аурулары кезін­дегі гастропанкреатодуоденальды резекцияның нәтижелері», «Ба­уыр эхинококкозын хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдемелері», «Бауыр­дың ошақты аурулары бар науқастарды емдеуді талдау», «Өт-тас аурулары асқынулары­ның миниинвазивтік хирургиясы», «Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру және диафрагманың өңештік саңылауының жарығымен жанамалас өт-тас ауруларын хирургиялық емдеудегі симультанды тәсілі», «Нагасаки Университетіндегі асқазан-ішек жолының роботтандырылған хирургиясының тәжірибесі», «Кардия ахалазиясын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері», «Ойық жарадан гастродуоденалды қан кету. Қайталану қаупі жоғары болған жағдайдағы стратегия», «Өңеш пен асқазанның варикозды көктамырларынан қан кетуді ем­деудің және алдын алудың заманауи тәсілдері», «Бүйректен тыс қақпалық гипертензиясы бар науқастарда өңеш-асқазаннан қан кету рецидивтерінің хирургиялық алдын алу нәтижеле­рін талдау», «Өңештің күйіктен кейінгі тыртықты стриктураларын хирургиялық емдеу», «Өңештің қатерлі ісігін емдеудің ұлттық стандарты», «Жүрек патологиясымен жанамалас кеуде және іш қуысы ағзаларының жаңа өсінділері бар науқастарға симультанды хирургиялық араласулар», «Бариатриялық хирур­гияның заманауи аспектілері: кімге, қашан және қайда?», «Қалқанша безінің эндоскопиялық хирургиясы. Заманауи көзқарастар, тиімділік және нақты артықшылықтар», «Тік және тоқ ішектің қатерсіз неоплазиясын емдеуде лазерді пайдалану» және «Тік ішек қатерлі ісігінің төменгі сатысында операциялық емдеудің заманауи әдістері» тақырыптарында отандық және шетелдік мамандар баяндама жасады. Осыған орай жо­ғары кәсіби деңгейдегі мамандарды біріктірген съезд әріптестікте­рін нәтижелі тәжірибе алмасуына, трансплантологияның, шұғыл және жоспарлы хирургияның ең өзекті мәселелерін талқылауға және оның даму перспективаларын айқындауға ықпал етті. Съезд барысында науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастырудан бастап, хирургтердің күнделікті жұмысындағы көптеген өзекті мәсе­лелерді, оның ішінде асқазан- ішек жолдары және эндокринді ағзалар хирургиясы ауруларын, сыни жағ­дайларды диагностикалау және емдеуде бірыңғай тәсілдерді енгізу, ге­патопан креатобилиарлық ай­мақ­ты емдеудің инновациялық технологиялары мен заманауи әдістері, сондай-ақ трансплан­тологиялық күрделі мәселелерді қамтитын кең ауқымды тақырыптар қозғалып, слайдтар көрсетілді.

«Съездің тағы бір мақсаты – еліміз­дегі шұғыл хирургия мәсе­леле­ріне назар аударту және халық­аралық тәжірибені ескере отырып осы мәселелердің шешімін табу, бұл хирургиялық бейінді мамандарды сәтті интеграциялау және ынтымақтастықта еңбек етуге, мамандық бойынша дағдыларды меңгеруге және арттыруға, хирург­тердің дайындығын жетілдіруге, үздіксіз медициналық білім беруді дамытуға, хирургтің біліктілігін объективті бағалау жүйесін қалып­тастыруға мүмкіндік беретін болады», – деп атап өтті Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталы­ғының төрағасы, медицина ғылым­дары­ның докторы, профессор, Қазақстан ұлт­тық ғылымдар академиясының академигі Болат Баймаханов. Съезд жұмысы барысында бауыр, өңеш, эндокринді ағзалар хирургиясы, трансплантация және қарқынды терапия саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасып, кең спектрлі өзекті мәселелердің шешімі мен перспективаларын талқылап, қосымша дәрістер өткізді. Постерлік баяндамаларды тыңдалып, талданды. Іс-шара барысында медициналық техника, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жөніндегі же­текші өндіруші фирмалардың оннан аса көрмесі ұйымдастырылып, съезд қатысушыларына таныстырды.

Сонымен Қазақстан хирургтері ІІІ Съезінің барлық қатысушылары мен қонақтары ұлт денсаулығын сақтау жолындағы игілікті істер үшін жоғары тиімділік пен нәтижелі жұмыстары жаңа ғылыми жетістіктердің бастамасы болатындығына сеніміміз мол.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

14465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы