• Мәдениет & Спорт
  • 16 Қыркүйек, 2022

ОРТАУ ТАУЛАРЫ

Ортау – Қарағанды облысындағы Ақадыр темір жол станциясынан батысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан, Сарыарқа тау оазистерінің бірі.
Оның кесілген жартасты беткейлері қоршаған даланың үстінен 300 метрге, ал Ортау тауларының ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1068 метр биіктікке көтеріледі.
Оазис және оның айналасындағы жерлер әртүрлі тұрғыдан қызықты.
Саяхатшының көзіне жеті жартасты көлден тұратын каскад көрінетін Жетіқұдық (Жетіқазан) шатқалы өзінің әсемдігімен әйгілі.
Егер адам барлық жеті «құдықта» шомылатын болса, онда тілеген тілектері орындалады деген сенім бар деседі.
Ортау – арқар мен еліктің мекендейтін жері. Мұнда өсімдік атаулының 30-ға жуық түрі өседі, оның ішінде 5 эндемикалық және 11 жойылып кету қаупіндегі өсімдік түрлері, соның ішінде әйгілі Шренк қызғалдағы да бар. Алаптың маңайында қола дәуірінің және ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері, көптеген обалар мен қорымдар бар.Мұн да Ортауға тікелей жақын жерде орналасқан Ақтау бекінісінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи ескерткішінің қирандыларын байқауға болады.

 

210 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы