• Бизнес & Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2022

Жалпыұлттық жобаның басты мақсаты – қамқорлық

«Green help» қоғамдық бірлестігі жануарларға қамқорлық танытуға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жалпыұлттық жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Бүгінгі таңда «Birgemiz: Ayala» жобасы аясында шағын грант иегерлері жануарларға деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды іске асыруға кірісті. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 15 бастамашыл топ пен 15 үкіметтік емес ұйым гранттық қаражатқа үйсіз жануарлар проблемаларының барлық салаларын қамтитын жобаларды іске асыруда.

«Әр гранттың мөлшері 300 мың теңгені құрайды. Бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдар балалар мен жасөспірімдерді жануарлар­ға қамқорлықпен қарауға, баулуға бағытталған акциялар, жануарларға деген қарым-қатынас мәдениетін өзгертуге бағытталған ағарту шаралары, жануарларға жауапкершілік­пен қарауды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер, тегін ветеринариялық қызметтер көрсету және иесіз жануарларға арналған орындарды қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру сияқты түрлі бағыттағы жобаларды қолға алуда. Шағын гранттар иесіз жануарлар проблемаларының барлық салаларын қамтуға және оларды жүйелі түрде шешуге мүм­кіндік береді», – деп атап өтті «Birgemiz: Ayala» жобасының мене­джері Қайыржан Айсин.

Қоғам белсенділерінің пікі­рінше, жобаны жүзеге асыру алдында еліміздің әр өңірі­нен 50-ден астам грант иеленуші «Зооволонтерлер мектебінде» білім алды. Шеберлік сағатта­рын жаттықтырушылар онлайн фор­­матта жүргізіп, оқытудан өз ісін жаңадан бастаушылар да, тәжіри­белі еріктілер де өтті.

Бүгінде грант иегерлері жобаны іске асыруға білек сыбана кірісіп кеткен. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, иесіз қалған жануарлар адам­дардың жауапсыздығынан осындай күйге түседі. Иелері үй жануарларын өз саяжайында жиі тас­тап кетеді. Сол себепті Тал­дықорғандағы «Экологиялық инновациялар» жеке қорының өкілдері саяжай иелерімен, саяжай кооперативтерінің басшы­лығымен белсенді түрде кездесулер өткізеді.

«Birgemiz: Ayala» жобасы аясындағы барлық 30 жоба жануарларға қамқор­лық танытуға бағытталған. Жоба ұйымдастырушылары, әрбір әлеуметтік бас­тама иесіз жануарлардың проблемаларын шешуге және жас ұрпақты тәрбиелеуге шынайы үлес қосады деген пікірде.

НҰРЛАН ҚҰМАР

 

2919 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы