• Бизнес & Қоғам
  • 16 Қыркүйек, 2022

Қоғамдық көліктің бір түріне айналды

Нұр-Сұлтан қаласында Whoosh кикшерингтік сервисті жүргізу мектебі жұмыс істей бастады. Онда әрбір ниет білдіруші электр самокаттарын қауіпсіз және әдепті жүргізудің негізгі қағидалары бойынша тегін оқудан өтіп, көліктің жаңа үлгілерінің құрылғысымен және мүмкіндіктерімен таныса алады.

Электр самокаттар тез арада Нұр-Сұлтанда қалалық кө­ліктің тағы бір түріне айналды. Жол жүрудің 80%-дан астамын қала тұрғындары көлік қозғалысына қарай жүргізеді. Алайда, қала көшелерінде велосипедтер мен самокаттарды пайдаланушылардың көп­шілігінде тәжірибесі жоқ, жол қозғалысының негізгі ере­же­лерін білмей жатады.

Электр самокаттарды жүр­гізу мәдениетін қалыптас­ты­ру және оларды пайдалану қауіпсіздігінің деңгейін артты­ру мақсатында Whoosh компаниясы Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының ішкі сая­сат басқармасымен бірлесіп электр самокаттарды жүргізу мектебін ұйымдастырған.

Аталған мектептегі нұсқаушы мамандар самокатты дұрыс пайдалану, қай жерде қозғалмау ке­рек­тігін және жол жүру қағи­да­ларымен таныстырады. Қозғалыс кезінде не нәрсеге назар аудару керек, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек және сапарды қалай аяқтау мен самокатты қалай ыңғайлап қою керектігін түсіндіреді. Оқу курсы шамамен 10-15 минут. Сервис маман­дары ережелер туралы айтып, тест тапсыру арқылы білімдерін тексереді. Самокаттарды басқарудың негізгі ере­желерін білуден басқа, тест тап­сырушылар жеңілдік үшін жар­намалық код алады.

Осыған орай бірінші күні елорда тұр­ғын­дарының жоғары қы­зығу­шылығын туғызып, оқы­туды әр түрлі жастағы адамдар қуана қабыл алды. Оқу аяқ­талғаннан кейін пайдаланушылар практи­калық дағдыларды бекіту үшін арнайы бөлінген аумақта тегін тестілік сапар жасай алды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

3266 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы