• Отандық өнім
  • 16 Қыркүйек, 2022

Отандық тұтынушыларды қорғау мақсатында

Өткен аптада Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Техникалық реттеу және метрология Комитеті және «Қазақтелеком» АҚ тауарларды бақылап отыруды таңбалаудың бірыңғай операторына байланысты кездесу өткізді.

Онда бірыңғай оператор жобалары, даму перспективалары мен аталған саладағы негізгі міндеттер, атқарылып жатқан істері туралы баяндалды.

Қазақстанда тауарларды цифрлық таңбалау мен бақылап отыруды енгізу жөніндегі жұмыс адал бәсекелес­тікті қамтамасыз ету және көлеңкелі нарықпен күрес мақсатында 2018 жылы басталғаны белгілі. Бүгінгі таңда міндетті таңбалау төрт тауар тобы бойынша енгізілді. Оларға үлбір бұйымдар, темекі өнімдері, аяқ киім тауарлары және дәрілік заттар кірсе, орамадағы су, құрамында қанты бар сусындар әрі зергерлік заттар бойынша қанатқақты жобаларды атауға болады. Өткен жылы жеңіл өнеркәсіптің жекелеген тауарларын таңбалау жөнінде қанатқақты жоба аяқталған.

Міндетті таңбалауды енгізу туралы шешім «Атамекен»ҰКП келісімімен осы жобаның қоры­тындысы бойынша қабылданған болатын.

«Мен тауарларды таңбалау жоба­сын енгізудің негізгі мінде­тін бірінші кезекте отандық тұтынушы­лардың құқығын қорғау құралы ретінде қарас­тырамын»,– деді министр. Ол үшін барлық мүдделі қатысушылардың пікірін тыңдап, салалық қауымдастықтармен кездесу өткізу керек. Жан-жақты талқылау қорытындысынан кейін ғана ше­шімдер қабылданады. Осы жобаға бизнес өкілдері ерікті негізде қатысып, ұзақтығы орта есеппен 1,5-2,5 жылды құрайды.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

380 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы