• Бизнес-мәдениет
  • 16 Қыркүйек, 2022

Қылқалам шеберлерінің туындысына шолу

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ұлағатты ұстаз, белгілі суретші Бауыржан Байділдәнің «Туған ел» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге ұлттық нақыштағы, патриоттық негізде орындалған сырға толы қылқалам шеберінің соңғы жылдарда жинақталған кескіндемелік, бірнеше графикалық және мозай­калық жұмыстары қойылған. Сонымен қатар туындылары еліміздің көрнекті жерлеріне эпикалық үн қосқан дала сұлулығымен өнер сұлулығын ұштастырған түрлі фор­маттағы пейзаждар, еңбегі ерен тұл­ғаларға арналған қанық түстермен көмкерілген портреттер және ұлттық тақырыптағы ізденістік еңбектері бар.

Әсіресе, «Тәңіртау иесі» туындысында әлемдегі сирек кездесестін төс тағысы тау барысының секпілді ақшыл келбетімен алып бейнесі қар басқан биік таулар және Хан тәңірі шыңымен үйлесімдікте бейнеленген.

«Әлемдегі ең көрікті орындардың туған елімізде орналасуы оның қоршаған ортасындағы жан-жануар­лармен терең үйлесім тапқанын сурет­ші айрықша баяндаған», – дейді көрме жетекшісі Ақжігіт Нүсіп. Сонымен қатар көрмедегі көзге түсетін ерекше туындылардың бірі Т. Жүргенов, Б.Момышұлы, Н. Нүсіпжанов белгі суретшілер Х.Наурызбаев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, Е.Сергебаевтар­дың пор­треттердегі кейіпкерлердің қолтаң­басын айшықтайтын артқы фондармен үйлестірген. Бауыржан Бәй­ділдәнің шығармашылығынан елуінші жылдардың соңындағы ұлттық романтизм өкілдерімен ұқсастықты байқауға болады.

«ӘЛІМ СӘБИТОВ.

СУРЕТШІ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бұл кітап–Қазақстандағы дизайн мектебінің негізін қалаушылардың бірі, сәулет докторы, дизайнер, кино қоюшы суретші Әлім Сәбитовке арналған. Кітапта Әлім Равил­ұлы­ның жақындары, достары, әріп­тестері және студенттерінің ол туралы үлкен ризашылықпен және сүйіспеншілікпен айтқан естеліктері жинақталған. Кітаптын бірінші тарауы «Қалыптасу» – Алматы сәулет-құрылыс институтындағы студенттік жылдары мен Мәскеудегі аспирантурада білім алған кезі. Екінші тарауы «Кино»-деп аталатын кинодағы қоюшы-суретші ретіндегі жұмысы туралы 8 толық метражды, бір қысқа метражды фильмі мен жарнамалық роликтерден құрылған. Оның қаты­суымен түсірілген фильмдер халық­аралық кинофестивальдердің жүл­делеріне, соның ішінде «Киллер» фильмі «Ерекше көзқарас» бағдар­ламасында Канның Гран-приін иеленген. Үшінші тарауы «Дизайн факультеті» – ҚазБСҚА-дағы жұмысы, онда автордың Қазақстандағы «Дизайн» мамандығының негізін қалау­шылардың бірі екендігін ескерсек,ол ұстаз ретінде әріптесте­рімен бірге жарнама дизайны, сәулет ортасы, моушн және продакш-дизайн бойынша жоғары білікті маман­дардың тұтас тобын қалыптастырған. Аталған кітап өнер, кино және дизайн саласына қатысты қызығушылық та­нытушыларға арналған.

КӘМІЛ МУЛЛАШЕВТІҢ «УАҚЫТ ҮНІ» АТТЫ

ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері және Татарстанның халық суретшісі, Қазақстан мен Татарстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Кәміл Муллашевтің «Уақыт үні» атты жеке көрмесі ашылды. Ол елімізде ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал суретші.

«Оның шығармашылығы Қазақ­стан­ның өнер тарихында көрнекті орын алады. Талантты суретші, дүниетанымы терең шебер, әйгілі және сұранысқа ие. Муллашевтың үлкен шынайы суретші ретінде шығармашылығы жан-жақты және сан-қырлы. «Уақыт үні» көрмесі бұл суретшінің шығармашылығы үшін маңызды символ.Өйткені, Кәміл Муллашевтың есімі 1978 жылы Третьяков галереясында «Жер және уақыт. Қазақстан» үштігімен танылған. Үштіктің алғашқы нұсқасы осы музейде темперамен орындалып,содан бері, кейде өз жұмыстарының стилі мен тақырыбын өзгерте отырып, жұмысына қайта-қайта назар аударады»,–дейді көрме жетекшісі Күлжазира Мұқажан.

Көрмеде оның әр кезеңдегі туындылары ұсынылған, бірақ соңғы 5-6 жылдағы жұмыстары ерекше көрінді. Оның әртүрлі елдерде, ірі музейлерде өткізген жеке көрме­сінің саны отызға таяу екен. Жеке көрме­лер біздің зама­нымыздың бейнелеу өнерін, Тәуелсіздік кезеңінің маңыздылығы көркем көрмелердің тарихы арқылы да қарастыруға негізделген.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

673 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы