• Қаржы
  • 16 Қыркүйек, 2022

Төлем нарығы: бүгіні мен болашағы

Таяуда Алматы қаласында «MobiEvent 2022» мобильдік қызметтер мен төлемдер» тақырыбында конференция болып өтті. Конференцияны Intervale Kazakhstan және SMS Traffic Asia ұйымдастырып, аталған шараға мобильді қызметтер мен төлемдері цифрлық банктерінің, бөлшек саудадағы ішкі нарықтың сарапшылары, жетекші мобильді және электронды коммерциялық компанияның сонымен бірге Mastercard, Tik Tok, Ticketon.kz, TSARKA өкілдері қатысты.

Конференцияны ұйымдасты­рушы «Интервэйл Казахстан» компа­ниясының директоры Марина Ахметбекова, «MobiEvent 22» қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғысын білдіріп, форум қатысушыларына жаңа мүмкіндіктер ашуға, тиімді серіктестік құруға көмектесетін өзекті ақпаратпен кеңейтуге тырысқандығын атап, өздерінің қарым-қатынасы тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, адами тұрғыдан да жағымды пікірлерге толыққандығын жеткізді. Форум төрт тақырыптық сессиядан тұрып, алғашқы күннің бірінші жартысы Қазақстан нарығындағы жағдайды, мобильді төлемдерді дамыту және қаржылық экожүйелерді құру перспективаларын талқылауға арналды. Ұлттық банктің төлем жүйелері саясаты басқармасының басшысы Арлен Молдабековтің, «Төлем нарығы: бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызып, соңғы жылдары еліміздегі төлем нарығының динамикасы жоғары көрсеткішке қол жеткізгендігін, қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақты өсіп келе жатырғандығын және инновациялық технологиялар, қызметтер мен өнімдер енуде екендігін айтты.

«Мұндай жағдайда біз үшін дұрыс саясат жүргізу, барлық нарық субъектілерінің мүддесі үшін теңгерімді сақтау және ең алдымен түпкі тұтынушыны ойлау өте маңызды. Осындай конференциялар нарықтағы бәсекелестік пікірлер мен кәсіби мамандардың елдің төлем нарығын одан әрі дамытудың көптеген бағыттары бойынша мемлекеттің ұстанымын жеткізуге көмектеседі», – деді ол. Конференцияның 2-ші сессиясында пандемия кезіндегі және одан кейінгі төлемдер мен аударымдар нарығының ландшафты, FinTech нарығының болашағы және нарыққа қатысты басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

«Бүгінде технологиялар өте маңызды рөл атқара бастады, олар біздің өмірімізге барған сайын еніп келеді. Біз бұл конференцияны қолдадық, өйткені Mastercard үшін әрбір адам және әрбір бизнес пайда көре алатын тұрақты және инклюзивті экономиканы құру өте маңызды. Жаһандық технологиялық компания ретінде біз барлық қатысушылар, мемлекет, бизнес және қоғам үшін инклюзивті цифрлық экономиканы біріктіріп, мүмкіндік беретін бірегей позициядамыз. Mastercard-та біз серіктестіктер арқылы шын мәнінде алға жылжуға ықпал ететініне және қоғамда оң өзгерістер жасауға болатынына сенеміз», – дейді Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трапка.

Форумда мобильді қосымша­лардың қауіпсіздігі, бөлшек сауда секторындағы өзгерістер, сондай-ақ банктер, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы ынтымақтастық тақырыптары қозғалды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «MobiEvent 22» Қазақстандағы мобильді қосымшалардың рейтингін қорытындылай келіп, 2GIS, Halyk Homebank, Home Credit Bank Kazakhstan компаниялары жеңімпаз атанды

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

2078 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы