• Бизнес & Қоғам
  • 30 Қараша, 2012

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні ЕЛБАСЫҒА ІЛТИПАТ

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы мен студент жастары Тұңғыш Президент күніне арнап «Болашақтың кілті – білімде» атты салтанатты шара өткізді. Мерекелік шарада Тұңғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, студенттер қауымымен кездескен сәтін баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

«Елбасы – Мақтанышым, Бәйтерегім!» атты бағдарламамен жүргізілген мерекелік шараға Парламент депутаттары, Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қаласының әкімдігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Олар концерттік бағдарламамен қатар тақырыптық сахна қойылымдарын, бейне-жазбаларды ықылыспен тамашалады. Университет ректоры Т.И. Есполов сөз сөйлеп, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады.

Университет студенттерінің үлкен хоры, ұлттық халық аспаптар оркестрі, «Гүл-Бану» би ансамблі Қазақ елінің тұңғыш Елбасына арнаған өздерінің үздік концерттік шығармаларын орындады. Олардың бәрі де Президент өмірімен тығыз байланысты. Еліміздің эстрада жұлдыздары университет студенттерімен қосылып жырдан шашу шашып, патриоттық және студенттік әндер шырқаса, ҚазҰАУ әскери кафедрасы мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары кәсіби өнер көрсетіп, көрермендердің ерекше назарына бөленді. Қазақ елінің бүгінгі жетістіктері мен жеңістері туралы жыр маржаны тізіліп, күй кернелді. Елбасын тірек етіп, мақтан тұтқан студент жастар болашаққа бастар қадамдарының нық боларына сенімін нығайта түсті.   

Назерке НҰРЛАНҚЫЗЫ

622 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы