• Мәдениет & Спорт
  • 22 Қыркүйек, 2022

ҚАРАШАШ АНА КЕСЕНЕСI

Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде орналасқан Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай түрі кейінгі орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ықпалымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. 
Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынған. 1996 жылы күмбез ақпен қапталып, оңтүстік және оңтүстік-батыс қасбеттері ұзын сүйірленген текшелері бар порталдармен безендірілген. Алдыңғы жазықтықтары терең емес сүйірленген және тікбұрышты текшелермен әшекейленген. Кесененің оңтүстік және батыс жақтарында кіреберіс есіктер бар. Ішкі бөлігінде күмбез ұшы сыланған, кіреберіс үстіндегі жарық саңылауы ағаштан жасалған панжар торымен жабылған. Едендер кірпіштен қаланған.
Кесененің орталық бөлігінде мәрмәр тақтайшалармен қапталған Қарашаш ананың бейіті бар. Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі, сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген XI ғасыр өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді. Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болған. Қарашаш ананы бүкіл түркі әлемі ардақ тұтады.

47 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы