• Мәдениет & Спорт
  • 22 Қыркүйек, 2022

Сырлы сурет әлемі

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде ұлағатты ұстаз, белгілі суретші Бауыржан Байділдәнің «Туған ел» атты жеке көрмесі өз жұмысын бастады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қа­зақ ұлттық өнер академия­сы «Кескін­деме және мүсін» фа­куль­тетінің деканы Бауыржан Нұрбек­ұлы ұлағатты ұстаз және қылқаламы тоқтамайтын белгілі суретші. Оның туындылары ұлт­тық нақышта, көбінесе патриот­тық негізде орындалған. Шығар­ма­шылығы түрлі жанрлар мен тақырыптарға толы. Бейнелеу өнерінің бірнеше түрін еркін меңгерген.

Қылқалам шеберінің «Туған өлке» атты көрмесі соңғы жылдарда жинақталған басым көбі кескіндемелік, бірнеше графи­калық және бір мозайкалық жұ­мыстардан құралған. Туындылары еліміздің көрнекті жерле­ріне эпикалық үн қосқан дала сұлу­лығымен өнер сұлулығын ұштастырған түрлі форматтағы пейзаждар, еңбегі ерен тұлға­ларға арналған қанық түстермен көмкерілген портреттер және ұлттық тақырыптағы ізденістік еңбектерден тұрады.

Суретшінің ерекшелігін қайта өрлеу мәнеріне сай академия­лық-классикалық стильге жақын сұлулықтың сырын ашуға ұмтылу, поэтикалық үн қосу және ұлттық романтиканы жаңғырту мақсатын айқындайды.

Көрмедегі поэтикалық «Тәңір­тау иесі» туындысында әлем­­дегі сирек кездесестін төс тағысы тау барысының секпілді ақшыл келбетімен алып бейнесі қар басқан биік таулар және Хан тәңірі шыңымен үйлестік тауып тұр. Жыртқыш аң көркімен және мінезімен жаратушы түсірген сұлу табиғаттың айырылмас бөлігі. Әлемдегі ең көрікті орындардың туған елімізде орналасуы оның қоршаған ортасындағы жан-жануарлармен терең үйлесім тап­қандығын баяндаған. Сонымен қатар әр-бір өңірдің түстік-түзілімін сезіне білетінін жоғарыдағы туындыға қарама-қайшы «Жолаушы» жұмысында көрсеткен. Шарын шатқалын өзіндік жылы күрең-қоңыр, жарық-көлеңкесін сұрғылт-қара реңктермен және канық жасыл жоталармен жалғастырып алып келіп шыңды көкжиекке ұштастырған.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

 

168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы