• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 22 Қыркүйек, 2022

Инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейту әлеуеті үлкен

Премьер-министр Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Биыл екі ел арасында ди­пломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Үкімет басшысы осы уақыт ішінде бұл қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін, соңғы жылдары түрлі салалардағы бірлескен жобалар санының өсуі байқалып отырғанын атап өтті. «Инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар. Үкімет инвесторларға олардың бастамаларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Жақын арада біз жаңа бірлескен жобаларды іске қосамыз деп үміттенемін», – деді Әлихан Смайылов.

Ресми сапар барысында премьер-министр  БАӘ іскер топ өкілдерімен келіссөздер жүргізді.  Инвесторларға тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, құрылыс және т.б. салаларда жалпы сомасы $6,5 млрд-тан астам жаңа 40 инвестициялық  жоба тізімі ұсынылды. Ел үкіметі бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екені атап өтілді. «Энергетика, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургия кешені салаларында әлеуетіміз зор. Бұл тұрғыда әлемдегі қазіргі жағдайды ескере отырып, арнайы әзірленген жаңа жобаларды іске асыруға қатысуды ұсынамын», – деді Ә.Смайылов.

Қазіргі таңда Транскаспий халықаралық көлік бағдары белсенді дамып келеді. Жеке инвестицияларды тарту есебінен оның өткізу қабілетін арттыру шеңберінде Каспий теңізінің жағалауында кеме жасау зауытын салу жоспарланып отыр. «Үкімет инвестициялық ахуалды әрі қарай жақсартады. Әлемдегі дағдарыстық құбылыстарға қарамастан, осы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 54%-ға өсіп, $6,8 миллиардты құрады», – деп атап өткен үкімет басшысы шетелдік серіктестерді ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды.

Іскер топ өкілдерімен кездесулердің қорытындысы бойынша премьер-министрдің қатысуымен экономиканың түрлі секторларында жалпы сомасы $900 млн болатын бірқатар екіжақты коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Оның ішінде «Citix» ЖШС мен «The Gulf Foundation» арасындағы БАӘ-де инновациялық және IT-шешімдерді құру жобасын іске асыруға «SmartCity&Adtech» кешенді шешімі туралы келісімшарт;  Астана қаласында жекеменшік мектеп салу жөнінде «BI Group»  және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; Ақтөбе қаласында жекеменшік мектеп салу жөнінде «Эрудит Бизнес» ЖШС және «International Community Schools» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;  «KazakhAgroExport» ЖШС және «Health Plus General Trading LLC»  арасындағы БАӘ-ге ет өнімдерін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт; «Оптоград»  ЖШС мен «Laser Meat Trading Est» арасындағы БАӘ-ге қой етін жеткізу жөніндегі экспорттық келісімшарт;  «ҚазСтандарт» РМК және «GulfTIC» арасындағы Парсы шығанағы елдеріне экспорттау үшін қазақстандық өнімді сертификаттау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум және т.б құжаттар бар.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы