• Мәдениет & Спорт
  • 29 Қыркүйек, 2022

АППАҚ ИШАН КҮМБЕЗІ

Бұл күмбез – ХІХ ғасырдың соңындағы сәулетті ескерткіштердің бірі. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданының Шаян ауылында орналасқан.

Аппақ ишан күмбезі күйдірілген кірпіштен шаршы жобада салынған. Жалпы орналасқан аумағы 6,7х6,6 метр, ішкі көлемі 3,5х3,5 метр, биіктігі 6 метр. Қабырғаның ішкі жағында әлемнің төрт бұрышына бағытталған тайыздау қуыс жасалған. Құрылысты күмбездеп көмкерген. Аппақ ишан күмбезі пішімі жағынан Қазақстанның оңтүстігіне тән діни құрылыстарға жатады. Оның ішінде екі сағана бар. Бірі – Шаян ауылындағы мешіт-медресені салдырған Аппақ ишандікі, екіншісі – осы Аппақ ишан күмбезін

салған шебердікі.

Қазақстанда медреселер Орта Азияға қарағанда кейірінек пайда болғандықтан, олардың саны көп емес. Ел аузындағы аңызға сүйенсек, қазіргі Аппақ ишан мешіт-медресе құрылысын XIX ғасырдың ортасында Қасым ишан бастап, ол өмірден өткеннен  кейін ұлы Сабыр жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған. 1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған. Мектептер 1933 жылы бастауыш, 1934 жылы жеті жылдық, 1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі. Ал, мешіт-медресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге дейін сақталған.

148 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы