• Бизнес & Қоғам
  • 29 Қыркүйек, 2022

Балалар нейрохирургиясы өңірлерге жете алмай отыр

Нейрохирургия – әлем бойынша қарқынды түрде дамып келе жатқан саланың бірі екенің ескерсек, бүгінгі күні отандық дәрігерлер елімізде адамның бас миы мен жұлын миына жоғары дәрежеде заманауи техниканы қолдану арқылы көптеген нейрохирургиялық ота жасап жүргендігін айтуға болады.

Әсіресе, мамандардың бала ағзасында патологиялық үрдістердің дамуы, ересек адамдарда байқалатын аналогиялық үрдістермен ерекше­леніп, әртүрлі жастағы балаларда кездесетін аурулардың алуан формасына дұрыс баға бере білуі тиіс. Осы ретте таяу­да Қазақстан мен ТМД елдерінен алпысқа жуық нейрохирург, невролог, нейрофизиолог, реабилитолог, реаниматолог-анестезиолог дәрігерлерінің қатысуымен Алматы қаласында «Балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері» тақырыбында келелі мәселе қозғалған ғылыми-прак­ти­калық конференцияда аталып өтті.

Конференцияны Алматы қалалық нейрохирургия орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ермек Дүйсембеков ашып, қатысушыларды Алматы қаласы №2 балалар ауруханасының бас дәрігері медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандиров, «В.А. Алмазов атындағы Ресейдің ұлттық медициналық зерттеу орталығы» балалар нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Кимдер құттықтап, мамандардың біліктілігін жетілдіруге, оқып, үйренуіне жоғары мән берілген шеберлік сағаттары өткізілді.

Конференцияда Башқұртстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің еңбек сіңірген дәрігері, бас балалар нейрохирургы, Уфа қаласындағы «Республикалық балалар клиникалық ауруханасы» нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Айрат Тимершиннің «Балалардағы жамбас мүшелерінің дисфункциясы үшін нейростимуляциясы», «В.А. Алмазов атындағы Ресейдің ұлттық медициналық зерттеу орталығы» балалар нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымдарының докторы, профессор Александр Кимнің «Жұлынның дисрафиясы», Алматы қаласы №2 балалар ауруханасының «Алтын шипагер-2019» сыйлығының лауреаты, нейрохирург дәрігер Азамат Жайлгановтың «Балалардағы вагус нервтерін ынталандыру. Хирургиялық техника», Санкт-Петербург қаласы «№3 балалар жұқпалы аурулар ауруханасының» қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Ольга Пулькинаның «Балаларға нейрохирургиялық операция жасау кезіндегі анальгезия» тақырыбында он бестен аса баяндама жасалып, заманауи технологияларды және ортақ емдеу протоколдарын енгізу жұмыстары таныстырылды.

Иә, қалай айтсақ та қазіргі таңда балалар нейрохирургиясы отандық медицинада өз биігіне жете алмай келе жатқан сала. Өйткені, кейбір облыс орталықтарындағы ауруханаларда әлі де болса балаларға арналған осындай бөлімдердің жоқтығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр. Сол себепті республиканың түпкір-түпкірінен науқастар еліміздің Астанасы мен Алматы қаласына келуге мәжбүр. «Бірінші байлық – денсаулық» демекші, дүниежүзінің ғалымдары денсаулықты сақтау және оны емдеу жолының тың тәсілі мен жаңа технологиясын меңгеріп жатса, біздің мамандар да көштен кем қалмай отырғандығын өткен конференцияда айқындағандай.

«Балаларда кездесетін ней­ро­­ауытқушылықтардың барлық спектрін қамтып, бөлім нейрохирургтары орталық және шеткі жүйке жүйелеріне, ми және жұлын тамырларына, сонымен қатар омыртқадағы ауытқушылықтарға түрлі деңгейде ота жасайды. Бәрі де жоғары санатты дәрігерлер», – дейді Алматы қаласы №2 балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігері, конференцияны ұйым­дастырушы әрі модераторы Азамат Әбікенұлы.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

 

3777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы