• Өндірістік әлеует
  • 06 Қазан, 2022

Өңірді қолдау: Маңызды жобалар қаржыландырылды

Дүйсенбі күні «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Дулат Байзақовпен кездесті.

Әкім кеңесшісі Қазатом­өнер­кәсіп басшысына ұлттық атом компаниясының өңірдің әлеумет­тік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтың «Алғыс хаты» мен атом саласы қызметкерлері күніне орай құттықтауын жеткізді. Кездесу барысында атом саласы еліміздің экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы мен атом холдингі жұмыс жүргізетін оңтүстік өңірлердегі компания­ның әлеуметтік жауапкершілігін дәлелдейтін ұзақ жылдық жемісті еңбектері аталып өтілді.

Қазатомөнеркәсіп әрдайым өзі қаты­сатын өңірлердің дамуы мен өсуіне белсенділік танытып қол­дайды, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып, әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландырады. Тек өткен жылдың өзінде компания жер қойнауын пайдалануға ар­налған келісімшарттағы негізгі міндеттемелерді орындау шең­берінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,609 млрд теңге қаржы аударған. Сонымен қатар Түркістан және Қызылорда облыстарының 7 елді мекеніндегі ауылдарды абаттандыру, заманауи балалар ойындары мен спорт алаңдарын салу сияқты бірқа­тар әлеуметтік жобаларды жү­зеге асырып, халықтың әлеумет­тік осал топтарына қаржылай көмек көрсеткен. Сонымен 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік ма­ңызы бар жобаларды іске асыруға 850 млн теңге көлемінде қаражат бөлген.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы