- Атамекен
- 06 Қазан, 2022
Реттеу саясаты – өмір талабы

Жаһандық өзгерістер ортасында, бәсекелестіктің, тұтынушылық нарықтың өсуі аясында кәсіпкерге жаңа жағдайларға бейімделумен қатар, бүкіл бизнес әлемінің сын-қатерін еңсеруге тура келеді. Осы ретте елімізде Кәсіпкерлік кодекстің қабылдануымен бизнес белсенді қолдауға ие болды.
«Кәсіби бухгалтерлер институты» ұйымының басшысы Гүлнәр Галямованың атап өтуінше, бүгінде бухгалтерлік қоғамдастықтың қалыптасуында нақты қадамдар жасалды, есеп мамандары маңызды өзгерістерді кәсіби, тәжірибелік тұрғыдан сараптай алатындықтан, олардың ой-ұсыныстары нақты ескеріледі.
– «Атамекен» ҰКП бастамаларының арқасында бухгалтерлік есеп және салықтық реттеу саласындағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау барысында біз бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу мәселелерінде өз ұсыныстарымызды енгізе алдық. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясатты енгізу – бүгінгі күннің талабы. Әрине, егер заңнамалық нормативтердегі жекелеген тармақтар, ережелер нашар ойластырылған (есептелмеген) болса, олар қалыпты бизнес жүргізуге кедергі келтіруі мүмкін. Осылайша, қабылданған және қолданыстағы нормативтік актілермен тікелей жұмыс істейтін мамандар жұмыс топтарына қатысумен, заңнама нормаларын талқылаумен өз пікірлерін білдіре алады, – дейді ол.
Гүлнәр Галямованың түсіндіруінше, реттеуші актілерді талдау (қайта қарау) олардың тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл қағидаттары тұрғысынан жүргізіледі. Бұл негізділікті, ашықтықты, сенімділікті, теңдікті, пропорционалдылық пен ұтымдылықты, реттілік пен болжамдылықты, сонымен бірге орындаушылықты қамтиды.

6321 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *