• Ақпарат
  • 13 Қазан, 2022

ҚАТУТАУ ТАУЛАРЫ

«Алтынемел» ұлттық табиғи қорығының орталығында Қатутау таулары орналасқан. 240 млн жыл бұрын екі үлкен жанартау атылып, етегінде үлкен көл пайда болған. Аққан лавалар көл ішінде қатып, ерекше тас пішіндер түзген. Миллион жылдар өтті, жанартау сөніп, бірте-бірте су астында шөгіп қалды. Тағы да ондаған миллион жыл
өтті, көне көл де сарқылды. Оның қазаншұңқыры
уақыттың тезінен, жел мен күннен  құрғап кетті. Жанартаудың өзегі, лаваның сағасы, күлі көміліп қалды. Сол бір кездегі тасты аласапыраннан ерекше пішіндер мен керемет композициялар түзілді.
Осы бір ғажайып тауларда өткен дәуірдің лебі
еседі. Тылсым күш пен табиғаттың мәңгіліктігі, қайсарлығы сезіледі.
Қатутау алқабы «Алтынемел» қорығы аумағындағы танымал туристік нысандардың бірі болып табылады.

13444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы